menu
Жабу

Мемлекет қолдауының арқасында Қостанай облысының Тобыл қаласында жаңа емхана ашылды

Жаңалықтар
16.01.2025

Жыл басында Қостанай облысындағы Тобыл қаласында жаңа емхана ашылды. Жобаны жүзеге асырған «ECO CITY KZ» ЖШС мекемені заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтады. Рентген/флюрография, стоматологиялық рентген аппараты, визиограф, апекс локатор, 3D стоматологиялық сканер, маммограф, соңғы үлгідегі УДЗ, электроэнцефалограф анализатор, спирограф, дефибрилляторлар, видеоэндоскопия кешені, физио жабдықтар, ЭКГ аппараттары, Холтер аппараты, қан қысымын өлшейтін монитор (АҚМ), ЛОР-комбайн, ЭХВЧ, оттегі концентраторы, стоматологиялық блок, офтальмологиялық аппаратура, гинекологиялық аппаратура және т.б толық орнатылған.

«Емхананы екі жыл салдық. Ғимарат орны бұрын бос, айдала еді. Қазір медициналық қызметтерге сұраныс мол, әрі осы қала мен облыста мұндай емхана өте қажет еді. Қазір мұнда 25-30 мың адамды тіркей аламыз. Алдағы уақытта халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қабылдауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз КТ және МРТ кабинеттерін жабдықтамақпыз. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды», - дейді компанияның негізін қалаушы Надежда Сүлейманова.

Медициналық жабдықтар мен кеңсе жиһаздары, арнайы кеңсе техникаларын және ауруханаға лифттер сатып алу үшін компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қоры несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін жеңілдетті. Жобаның жалпы сомасы 1 млрд 200 мың теңгені құраса, оның бір бөлігі жеке қаражат, қалғаны несие.

«Біз бір ауысымда 250 адамды немесе күніне 500 адамды қабылдай аламыз. Қазір мұнда 30-ға жуық маман жұмыс істейді. Халық тіркеле бастағаннан кейін біз тағы да жамандар алып, 150-ге дейін жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді ECO CITY KZ ЖШС бас дәрігері, директор Владимир Шатерников.

Кәсіпкер Надежда Сүлейманова: «мемлекеттік қолдаудың арқасында біз ауқымды жобамызды жүзеге асыра алдық. Пациенттердің үміттерін ақтауға тырысамыз. Өйткені, біздің басты міндетіміз – сапалы медициналық қызмет көрсету. Біздің емханаға келу тек диагностикамен шектелгенін тілейміз. Алайда кенеттен ауырып қалсаңыз, біз сізге жоғары білікті қызмет көрсетеміз», - деп әңгімені түйіндеді. 

Адрес: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Қалабаев көшесі, 27

Тел: 8 71455 2 03 11, 8 747 930 04 17

Инстаграм: @policlinic1tobyl.kz