menu
Жабу

Кеңес ал!

Артель –ағаш және соғылған эксклюзив бұйымдар шеберханасы

Жаңалықтар
22.01.2025

«Артель» шеберханасы – ағаш пен металдан жасалған эксклюзив бұйымдар, дәстүрлі нақыш пен заманауи дизайн шешімдерінің бірегей үйлесімі. Виталий Мазеев 2010 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, дами келе төрт жылдан соң ЖШС болды.

Қазір «Артель» – ағаш пен металл бұйымдарға жан бітіретін бренд. Артель шеберханасы кез-келген кеңістікті өзгерте алатын өнім ұсынады. Оның ішінде: интерьер мен ландшафт дизайнына арналған сәнді элементтер, антиквар жиһаз, табиғи ағаштан жасалған жиһаз, шағын архитектура формалары, ағаштан ойылған баспалдақтар мен темірден соғылған қоршаулар, оюлы панно мен иконалар сияқты көптеген бұйымдар бар.

Әрбір өнім дәстүрлі техниканы материалдарды өңдеудің заманауи технологияларымен үйлестіретін шеберлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі.

«Артель» шеберханасының элиталық саналатын өнімдері Қазақстанда ғана емес, Ресейде де танымал.

2023 жылы «Артель» шеберханасы «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жабдықтар сатып алу үшін несие алғанда сыйақы мөлшерлемесі 6% құрады. Өйткені жалпы қарыздың 12,25%-ын мемлекет субсидиялайды. Кепіл жетіспегендіктен «Даму» Қоры несие сомасының 85%-ына кепілдік те берді.

«Артель шеберханасы» жай ғана өндіріс емес. Бұл – қарапайым заттарды нағыз өнер туындысына айналдыратын жер.

Петропавл қаласы, Гуденко көшесі, 21

Тел: +7 (7152) 39-84-46

Инстаграм: @masterskaya_artel.sk

Сайт: artel-sk.kz