menu
Жабу

Кеңес ал!

Алматы қаласындағы «Инвестициялық үй IVM» ЖШС компаниясымен жұмыс киімінің эволюциясы

Жаңалықтар
20.01.2025

Посткеңестік кеңістіктегі кәсіпорындарда жұмыс киіміне қойылатын талаптар, жеке қорғаныс құралдарын шығару және тарату стандарттары қатаң тексерілетін. 90-шы жылдардан соң бұрын-соңды болмаған әртүрлі жұмыс киімдері мен аяқ киім, соның ішінде импорт киімдер келіп, жұмыс киімдері мен жеке қорғаныс құралдарына қойылатын көптеген талаптарда ретсіздіктер туды. Сарапшылар бүгінде бірыңғай стандарт, жұмыс киімін таңдау критерийлерінің жоқтығын айтады. Заманауи компаниялар бекітілген бюджет аясында жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін өз бетінше әрекет етуде. Жұмыс киімін ұсынатын компаниялардың дизайнерлері бір орында отырмайды. Жұмыс костюмдерінің, халаттардың, алжапқыштардың және жұмыс киімдерінің басқа нұсқаларының каталогтары бүгінгі таңда әртүрлі түстермен, әртүрлі стильдердің кең ауқымымен, маталар, аксессуарлар, әрлеу және «тапсырыс бойынша жасалған» опциялардың басқа жиынтығымен толықты. Заманауи жұмыс костюмі – жайлы, ыңғайлы, стиль мен қажетті қорғаныс қасиеттерін біріктіретін кім түрі. Алматыдағы осындай өнім шығаратын компаниялардың бірі – «Инвестиционный дом IVM» ЖШС.

Серіктестік 2010 жылдан бастап жұмыс киімдерін шығарып келеді. Компания мұнымен қатар: жеке эскиздер, логотиптерді қолдану және жарнамалық өнімдерді тігу сияқты қызметтерді Қазақстан бойынша 7 күн ішінде жеткізіп, 15 күнтізбелік күн ішінде өндіреді. Олар жалпы өндірісте кірден қорғайтын, суық өткізбейтін, өртке төзімді, қышқылдар мен сілтілерден қорғайтын, қызмет көрсету саласына, жарнама агенттіктеріне және т.б салаларға ыңғайлы киім тігеді.

«Қазақстан Халық Банкінен» кәсіпорын «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша несие алды. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 18,5% құрайды, оның 12,5%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, 6%-ын кәсіпкер төлейді. Қаражат инвестициялық мақсатқа – ғимараттар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

«Инвестициялық үй IVM» ЖШС өңірдің экономикасын мақсатты түрде дамытады, жаңа жұмыс орындарын ашады және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Қолдаудың арқасында жалпы өңірлік өнімді ұлғайту, өнімді импортты алмастыру мүмкіндіктері пайда болды.

Сайт: abp@dcode.kz

Мекенжайы: Алматы қаласы, Ратушный көшесі, 78

Байланыс телефондары: +7-777-378-69-39