Кеңес ал!
«Asiaplast» ЖШС 2018 жылдан бері пластик ыдыстар (әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі ПЭТ бөтелкелер) шығарып келеді.
ПЭТ қаптамасының артықшылықтары өте көп. Кәдімгі жарты литрлік ПЭТ бөтелкесінің салмағы шамамен 28 г, ал шыныдан жасалған бірдей көлемдегі стандартты бөтелкенің салмағы шамамен 350 г болуы мүмкін. ПЭТ мүлдем мөлдір, осы материалдан жасалған бөтелке таза, тартымды көрінеді, материалдың табиғи мөлдірлігі оны газдалған суды құюға өте ыңғайлы етеді. Сонымен қатар, ПЭТ, мысалы, жасыл немесе қоңыр түске боялуы мүмкін, сондықтан өнімнің сыртқы түрі тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес келеді. Пластик бөтелкелер қайта өңделеді.
«Asiaplast» ЖШС жобасы өңірдің экологиялық ортасын жақсартуға мүмкіндік береді. Өйткені олар жаңа ыдыс шығарып қана қоймай, ПЭТ ыдыстарды қайта жинап, өңдеп, қайта тауар етіп шығарады. Компанияның өнімдері тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ сабын-жуғыш заттар өндірісінде кеңінен сұранысқа ие.
Бүгінгі күні «Asiaplast» ЖШС кәсіпорны айына 60 000-нан астам дайын ПЭТ ыдыс шығарады.
2024 жылы компания «Қазақстан Халық Банктен» инвестиция үшін несие алды. Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында («Моно-және шағын қалалардағы қолдау, АЕМ» бағыты) Қор қарыздың пайыздық мөлшерлемесін ішінара субсидиялап, қолдау көрсетті.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жармұхамбет ауылы, М.Мақатаев көшесі, 2Б
Телефон: +7 701 659 00 83
Пошта: marinova_elmira@mail.ru