Кеңес ал!
Әділет Қадырғалиұлы 2020 жылдан бері әлеуметтік кәсіпкер. Жас жігіт Алматыдағы ҚазҰУ-дың заң факультетін бітірген. Ол сирек аутоиммунды аурумен ауырады. Әділет Алматыда жүргенде баристалардың халықаралық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Оралға оралған соң әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көрді. Қала бойынша бірнеше кофеханалар ашып, мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа алды. Онда жұмыс істейтін жеті адамның бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар. Яғни, бұл – кофені сал ауруына шалдыққан немесе менталь кемістігі бар адамдар қайнататын әлеуметтік кофехана, сонымен қатар кофе әлеуметтік бағамен сатылады. Жоба арнайы жұмыс орындарын құру арқылы өз саласындағы кәсіпқойларға өз орнын ашуға көмектеседі. Ол сонымен қатар Батыста кофе қуырып, осылай жұмыс орындарын ашқан жалғыз адам.
Жеке кәсібін кеңейту үшін «Банк ЦентрКредиттен» «Даму» Қорының қолдауының арқасында 2024 жылы «Портфельді субсидиялау және кепілдік беру» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несие алды. Соның арқасында Әділет төрт кофе автоматын сатып алды. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7%. Себебі негізгі қарыздың 14,75%-ын Қор субсидиялайды. Кепілдік жетіспегендіктен несие сомасының 85%-ына Қор кепілдік ұсынды.
«Red apple Uralsk» Оралда тек кофехана емес, нағыз қауымдастық құруға ұмтылады. Мүмкіндігі шектеулі баристалар өз саласының кәсіби мамандары ғана емес, сонымен қатар әр тостағанға өз талантын сіңіретін нағыз шеберлер.
БҚО, Орал қаласы, Исатай-Махамбет к-сі, 84 (ХҚКО), Жәңгір хан к-сі, 160 (АвтоХҚКО)
Телефон: +7 771 468 47 47
Instagram: @redappleuralsk