menu
Жабу

Кеңес ал!

Біз бар үйге жылу сыйлаймыз

Жаңалықтар
31.01.2025

Пеш, қазандықтар кез-келген үй мен ғимараттың ажырамас бөлігі. Олар жақсы жылытатынын, сенімді және қарапайым жұмыс істейтін қасиеттерімен белгілі.

Оралда пеш пен қазандық шығарумен айналысатын осындай кәсіпорынның бірі – Бақытжан Молдашев басқаратын «Молдашев Б.М.» ЖК. Жеке кәсіпорын ашпас бұрын ол дәнекерлеуші ​​болып жұмыс істеген. Ал қазір «Молдашев Б.М.» ЖК шығаратын пеш, қазандықтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында сұранысқа ие. Барлық өнімнің сапа сертификаты мен екі жылдық кепілдігі бар.

«Жұмысымызда бәсекелестер көп. Біз жоғары сапалы және сенімді өнім шығаруға тырысамыз. «Даму» Қорының қолдауының арқасында өндіріс цехын кеңейттік», – дейді кәсіпорын басшысы Бақытжан Молдашев.

«Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысудың арқасында кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» 19,75 пайызбен несие алғанда оның 11,75 пайызын «Даму» қоры субсидиялады. Бұл қаржылай жүктемені айтарлықтай азайтуға және бизнесті дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. «Даму» Қоры несиеге кепілдік жеткіліксіз болғандықтан, кепілдік те берді.

Қазір кәсіпорын пештер мен қазандықтардың көп түрін шығарады. Олардың арасынан тұтынушылар өзіне қолайлысын таба алады. Барлық кезеңде процесс үздіксіз бақыланады. Жылына 300-ден астам пеш шығаруға мүміндік мол.

БҚО, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 52А

Тел. +7 777-426-88-67

Instagram: @mimaks_uralsk