menu
Жабу

Кеңес ал!

Компанияның басты мақсаты – кауіпсіздік, сапа, жайлылық

Жаңалықтар
28.01.2025

2019 жылы Атырау облысында құрылған «JMKZ (ЖАСАГ management КЗ)» ЖШС мұнай-химия, газ өндіру, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты өнеркәсіптің әртүрлі салаларына арналған арнайы аяқ киім шығарады.

Компания әлемдік жетекші өндірушілердің (Түркия, Италия, Германия) заманауи жоғары технологиялық жабдықтарында жұмыс істейді. Бұл – жылдам әрі жоғары сапалы аяқ киімдерді үлкен көлемде өндіруге мүмкіндік береді. Сапа қатаң бақыланады, сертификатталған материалдар пайдаланылады. ISO 9001-2016, ҚР СТ сертификаттары және СТ-KZ, ЕАО сертификаты механикалық зақымдану мен химиялық әсерлерден сенімді қорғауға ұзақ мерзімге кепілдік береді.

Компания тәулігіне 1000 жұп аяқ заманауи дизайндағы киім шығарады. Табаны екі қабатты полиуретаннан жасалатындықтан, аяққа құйып қойғандай болып шығады.

«Компанияның негізгі мақсаты — клиентттерді тұрақты арттырып, нарықты сапалы және қолжетімді отандық өніммен қамтамасыз ету, қолайлы бағада жоғары сапалы өз өнімдерін шығару есебінен импорт тауарлардың орнын басу. Бұған заманауи жабдықтар мен мінсіз қызмет көрсетудің арқасында қол жеткізуге болады», - дейді компанияның бас директоры Жәнібек Тухфатов.

«Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысудың арқасында компания «Қазақстан Халық Банкінен» айналым қаражатын толықтыруға жылына 20,25%-бен несие алғанжа «Даму» Қоры 12,25%-ын субсидиялады. Кәсіпкер қалған 8%-ын ғана төлейді.

Алдағы уақытта «JMKZ (ЖАСАГ management КЗ)» ЖШС өндіріс қуатын арттырып, логистиканы жақсартып, клиенттер қатарын арттыруды жоспарлап отыр.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Құттығай батыр көшесі 5 А

+7 (7122)318197, +7 775 499 77 88

Эл.почта: info@mkzsafety.com