menu
Жабу

Кеңес ал!

Тараз қаласында «Эрудит» жаңа бастауыш мектебі ашылды

Жаңалықтар
23.01.2025

«Эрудит» ЖШС 2019 жылы София Зенгирова тіркеген. Жеке мектеп ашқанға дейін кәсіпкердің балабақшасы болды. Білім беру саласында тәжірибе жинаған соң жалпы ауданы 1 350 шаршы метр, 3 қабат, 12 сыныптан тұратын 250 орындық мектеп салуға шешім қабылдады.

Жұмыс істеп тұрған балабақша жанынан жер телімін сатып алып, мектеп салуға қаражат керек болғанда София Зенгирова «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына жүгінуге шешім қабылдады және несие бойынша барлық қажетті ақпаратты алған соң кәсіпкер құжаттарын жинап, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға жүгінді. Несие мақұлданған соң «Даму» қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасының екінші бағыты бойынша субсидиялап, қарыз жүгін жеңілдетті.

Бұл мектепте 1-4 сынып оқушылары үшін оқу тегін. Ұзартылған күн тобы, ерте дамыту, би, таэквондо, шахмат және т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Мектепте білікті педагогтар жиналып, кабинеттер заманауи жабдықталған. Бұл балалардың алғашқы күннен бастап сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Несие мен мемлекеттен қолдау алғаннан кейін София Зенгирова заманауи стандарттарға сай жаңа мектеп ашып, өз жобасын табысты іске асырды. Жаңа мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған қосымша бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілетін болады, бұл білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналады.

Мектептің мекенжайы: Тараз қаласы, К. М.Х.Дулати 117, Еспаев 82а

Instagram: @erudit_school_taraz;

Тел: +7 7262 54 72 25; +7 701 735 92 45