Кеңес ал!
«Левин В. Д.» ЖК негізін 1992 жылы Левин Владимир Давыдович құрды. Компания қатты қайыңнан жиһаз жасаумен айналысады.
«Алма ағашынан алысқа ұзамайды». Қазақтың бұл мақалы Левиндердің отбасылық әулетіне арналғандай. Кәсіпорын 35 жылдан астам уақыт бойы қонақ бөлмелер мен ас үйге арналған үстел, орындықтар, жайлы демалуға арналған тербелмелі орындықтар, қатты қайыңнан жасалған түрлі жиһаздар шығарып келеді. Қазір компанияны Елена Левина басқарады.
Компания «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынған робот-манипуляторларды пайдалана отырып, жиһазды бес сатылы технологияларды пайдалана отырып жасайды. Барлық өнім МемСТ 19917–93 және МемСТ 16371–93 (сәйкестік сертификаты) белгіленген сапа талаптарына сай келеді.
Кәсіпорын облыстық, өңірлік және халықаралық конкурстар мен көрмелердің қатысушысы және жүлдегері, оның ішінде 2014 жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпазы болды.
2024 жылы компания өнімін сату үшін Петропавл қаласында көрме залын және қосымша өндірістік жабдықты сатып алуға шешім қабылдады, несие «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бағдарламасы бойынша алынды, «Даму» Қоры субсидиялап, кепілдік берді және пайыздық мөлшерлемені төмендетті.
СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарина к-сі, 4-үй, 2 қабат
Петропавл қ, М. Жумабаева к-сі, 98-үй
+7 776 771 68 91
+ 7 776 950 19 19
Instagram: @levin.mebel.petropavlovsk