Кеңес ал!
Білім сапасы мен баланы дамыту маңызды болып тұрған қазіргі кезде «Nursana» ЖК секілді орталықтар таптырмас орын. Кішкентай зерттеушілер үшін тамаша мүмкіндік ұсынатын орталықтың миссиясы – әр балаға терең білім, пайдалы машық және эмоция сыйлай отырып, жайлы және шабыт беретін ортада дамитын кеңістік құру.
ЖК басшысы Айдос Болатұлы Баймағамбетов юұл жұмысты 2019 жылы бастады. Соңғы алты жылда 2-6 жас аралығындағы балаларға арналған үш бірдей орталық ашылды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында орталық 2023 жылы коммерциялық үй-жай сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алды және кепілдік жетіспегендіктен «Даму» қоры кепілдік берді.
Орталық әр баланың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген ерте даму, мектепке дайындық, арт-терапия, спорттық секциялар, би секциялары, моторика, вокал және т.б. білім беру бағдарламаларын ұсынады:
«Nursana» орталығында әр бала бірегей екенін түсінеді. Кәсіби педагогтар мен психологтар командасы балалардың жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне ерекше назар аударады.
«Nursana» балалар даму орталығы – ұлы жаңалықтар мен жетістіктер басталатын орын. Біз әр баланың өз әлеуетін іске асыра алуына, ал әрбір ата-ананың өз баласының болашағына сенімді болуына ұмтыламыз.
Мекенжайы: Қарағанды қ., даңғ. Шахтерлер, 36/2,
Қарағанды қ., Төреколов көш., 11;
Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 28
Телефон: + 7700 183 41 92
Инстаграм: @nursana_kz