menu
Жабу

Кеңес ал!

Сапа мен технология әйелдер денсаулығына деген көзқарасты өзгертеді

Жаңалықтар
28.01.2025

«ДАРМЕД гинекологиялық орталығы» 2015 жылы әйелдерге гинекология саласында сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін ашылған. Қысқа мерзім ішінде клиника өзін өз саласының көшбасшысына айналып, бүгінде әйелдер денсаулығы бойынша қызмет көрсететін ең беделді медициналық мекемелердің бірі саналады.

Орталықтың жетістігі бірнеше негізгі факторларға негізделген. Оның ішінде дәрігерлердің кәсібилігі, үнемі кемелдікке ұмтылу және әр пациентке назар аудару басты орында. «ДАРМЕД гинекологиялық орталығы» дәрігерлері диагностика мен емдеудің ең заманауи әдістерін қолдану үшін жыл сайын біліктілігін арттырып отырады. Мұнда 74 дәрігер жұмыс істейді, олардың әрқайсысы пациенттерге сапалы емдеуді ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі жайлы қызмет көсетуге тырысады.

Қазір «ДАРМЕД гинекологиялық орталығының» 5 филиалы бар, бұл пациенттерге өздеріне ыңғайлы жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Клиника жұмыс барысында 180 000-нан астам науқасты емдеді.

2023 жылы компания медициналық жабдықтар сатып алу үшін «Банк «Bank RBK» АҚ арқылы несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аяснда мөлшерлемені 21%-дан 8%-ға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялады. Сондай-ақ кепілдік жетпегендіктен Қор кепілдік те берді. 2024 жылы компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алғанда да «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша мемлекеттік қолдауды пайдаланды.

Қаражатқа коммерциялық үй-жай сатып алынды.

Мекенжайы: Астана қ., Әлихан Бөкейхан к-сі, 8

Телефон: +7-705-595-81-99

Сайт: https://dar-med.kz/