menu
Жабу

Кеңес ал!

«TRIUMPH» – боулинг ойынының орталығы

Жаңалықтар
24.01.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда бизнестегі аруларға қолдау көбейді. Бұл кәсіпкер әйелдердің саны мен олардың ел экономикасына қосқан үлесін арттыруда. Заманауи арулар өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру, компаниясын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланатыны қуантады.

Солардың бірі – Талдықорғандық жеке кәсіпкер Гүлнар Ермұратова. Оның бизнестегі қалыптасу жолы мемлекеттік қолдау мен өзінің табандылығының арқасында айтарлықтай жетістіктерге жетуге болатындығының бәлелі.

«Талдықорған тұрғындарына бірегей нәрсе ұсыну жайлы идея мазалайтын. «Даму» Қоры жүзеге асыратын, кәсіпкер әйелдер үшін ыңғайлы, жеңіл несиелеу бағдарламасының арқасында біз қаладағы жалғыз боулинг орталығын аштық. Ол демалыс орнына ғана емес, сонымен қатар қаланың әлеуметтік өмірінің маңызды бөлігіне айналды», - дейді Гүлнар Ермұратова.

«Үміт» әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы аясында кәсіпкер «Bank RBK»-ден жылына 16,5%-бен несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 9%-ға дейін субсидияланды.

Боулинг орталығы жергілікті тұрғындар үшін, сондай-ақ корпоративті іс-шаралар, мерекелер мен турнирлер үшін танымал орынға айналды. Шағын қалада мұндай мекеменің ашылуы сенсацияға айналды, соның арқасында бірнеше жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Инстаграм: @triumph_bowling_cafe

Телефон: +7 7714966555

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 260