menu
Жабу

Кеңес ал!

«Zhas Urpaq» – жарқын болашақ үшін қызмет етеді

Жаңалықтар
27.01.2025

Қызылордалық Эльмира Култешова – жоғары білімді дәрігер, ерекше баланың анасы. Бала тәрбиелеу кезінде ол көптеген қиындықтарға тап болды. Бұндай сынақтар оған осы салада бизнес ашуға итермеледі.

Ол тіркеген «Elmira» ЖК-нің негізгі қызметі – ерекше балаларға арналған түзету жұмыстары. 2021 жылы әртүрлі жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Zhas Urpaq» орталығы осылай ашылды.

Түзету орталығының негізгі мақсаты – баланың тұлға ретінде дамуына жәрдемдесу, оның ішкі әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау, дамуына кедергі келтіретін ауытқуларды еңсеруге көмектесу. Ол үшін балалардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту процестерін ынталандыратын арнайы әдістер қолданылады.

Орталықта:

сенсорлық интеграция;

АВА терапиясы;

тұрмыстық дағдылар;

адаптивті дене шынықтыру;

ұсақ моториканы дамыту;

логомассаж және т.б. қызмет түрлері бар.

«Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидия мен кепілдік беру құралдарын қолдана отырып кәсіпкер Эльмира Култешова «ForteBank»-тен несие алып, ерекше балаларға арналған түзету орталығын ашу үшін жылжымайтын мүлік сатып алды.

«Zhas Urpaq» түзету орталығы жалпы ауданы 563,9 ш.м. құрайтын жертөлесі бар екі қабатты тұрғын емес ғимараттан тұрады. Бірінші қабаттағы бөлмелер ас үйге, балалардың демалуына, сондай-ақ жалпы оқу залына пайдаланылады. Екінші қабаттағы бөлмелер жеке сабақтар үшін қолданылады. Жертөледе спорт секторы мен балаларға арналған ойын залы бар.

Қазір орталыққа тілі шықпаған, дамуы кешеуілдеген, аутизм белгілері бар 70 жуық балалар келеді. Сабақтар жеке және топта өтеді. 4 рет тамақтандырады.

Қызылорда қаласы, Н.Нұрмақов көшесі, 35

Тел: 8 776 876 10 11, 8 775 990 8047

Инстаграм: @zhasurpaq_balabakshasy