menu
Жабу

Кеңес ал!

«Даму» Қорының қолдауымен гофроыдыс бизнесі дамып келеді

Жаңалықтар
24.01.2025

«Восток Гофротара» компаниясы 2017 жылы отандық нарықты сапалы гофр өніммен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Алғашқы жылдардан бастап-ақ өнімнің жоғары сапасы, команданың кәсібилігі және нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етудің арқасында компания қарқынды қуат көрсете бастады.

Алайда, бизнес дамуымен жаңа қиындықтар туындады. Негізгі мәселелердің бірі – жабдықты үнемі жаңартып отыру қажеттілігі болды. Ал бұл айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. Екінші деңгейлі банктердегі несиенің пайызы шағын және орта бизнес үшін қымбатқа түсті.

Компания қаржыландырудың балама көздерін іздей келе «Даму» Қорына жүгінді. Бұл қадам жаңа мүмкіндіктер ашты. Өйткені қор бизнесті дамытуға үшін қолайлы жағдай ұсынды.

2024 жылы «Восток Гофротара» ЖШС қағаз және картон ыдыстар өндіретін база сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, өз дамуында маңызды қадам жасады. Өйткені компания ұзақ уақыт бойы цехты жалға алып келген еді. Нәтижесінде компания «Бірыңғай кешенді бағдарлама» (ШОБ қолдау) бағдарламасы аясында қарызын субсииялап, кепілдік берді.

Бұл серіктестік кәсіпорын үшін маңызды болды. Ол қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өндіріс қуатын арттыруға, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде компания өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, нарықтағы қатысуын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құрып, өз өнімдерінің сапасын арттыра отырып, Қазақстанның экономикалық дамуына өз үлесін қоса алды.

+7 701-503-47-56

Абай облысы, Семей қ., Сеченов 10