Кеңес ал!
Vita-stom ЖК негізін қалаған Мирас Есов әрқашан сапалы және қолжетімді стоматологиялық қызметтер ұсынуға ұмтылды. Ол бала кезінен медицина саласына қызығып, тістің адам денсаулығына қаншалықты маңызды екенін түсінді. Осы салада білім алғаннан кейін ол стоматологияға жұмысқа орналасты. Бірнеше жыл тәжірибе жинақтап, пациенттерге білікті көмек пен озық емдеу әдістерін ұсыну мақсатында өз стоматологиясын ашуға бел буды.
Бұл жоспарын жүзеге асыру үшін Мирас Есов «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, «Vita-stom» стоматологиясын ашты. «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында несиенің мөлшерлемесін 9%-ға дейін субсидиялап қолдау көрсетті.
Стоматологияда:
- Ортопедиялық стоматология;
- Терапевтік стоматология;
- Хирургиялық стоматология және имплантология;
- Ортопедия;
- Ортодонтия сияқты қызмет түрлерін ұсынатын білікті дәрігерлер жұмыс істейді.
Бүгінгі күні стоматология өз клиенттеріне жоғары деңгейдегі қызметтердің кең спектрін ұсына отырып, табысты дамып келеді. Мемлекеттік қолдау арқасында бизнесті кеңейту жаңа пациенттерді тартуға және стоматологиялық қызметтер нарығындағы позицияны нығайтуға мүмкіндік берді.
Инстаграм: @vitastom_tdk
Телефон: +7 7282 24-24-72, +7 7016232254
Мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қ., Біржан сал көшесі, 114/118