menu
Жабу

Кеңес ал!

Болат Қалмырзаевтің кәсіпкерлік жолы

Жаңалықтар
30.01.2025

Болат Есіркепұлы Қалмырзаев 2007 жылдан бастап саудамен айналысты. Уақыт өте келе, ол сапалы білімнің маңызын түсініп, білімі мен ресурсын осы салаға жұмсауға шешім қабылдады. 2023 жылы ол нақты ғылымдарды тереңдетіп оқытатын және оқушыларды жетекші жоғары оқу орындарына дайындайтын «Bastau mektebi-2» жеке мектебін ашты. Мектепке 400 бала сыяды, қазір мұнда 330 жоғары сынып оқушысы білім алуда. Білім ордасы заманауи кабинеттер, мультимедиалық жүйелер, кең спорт залы, кітапхана, компьютерлік сынып және жайлы асханамен жабдықталған. Сонымен қатар, шахмат, бағдарла жазу, робототехника, қолданбалы өнер және хореография бойынша қосымша курстар да бар.

2023 жылы мектеп құрылысына кәсіпкер «Банк Центр Кредиттен» АҚ арқылы 21,75 % мөлшерлемемен несие алды. Осы соманың 13%-ын «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры субсидиялап, кепілдік жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді.

Мектеп үш апта сайын өтетін ішкі тестте 130 балдан жоғары жинаған дарынды оқушыларға стипендия береді. Бұл балалардың оқуға ынтасын қамшылайды.

«Біз балаларға тек терең білім беріп қана қоймай, сыни ойлау, талдау және дербестік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін білім беру кеңістігін құруға ұмтыламыз. Бұл – жас ұрпақтың болашағына жасалған инвестиция», – дейді кәсіпкер.

Мекенжайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, О.Жарылқапов көшесі, 1-үй
Телефон: +7 702 891 88 88