menu
Жабу

Кеңес ал!

«Табыс жолы: Құндызша Әбутәліпованың модельерден кәсіпкерге дейінгі тарихы»

Жаңалықтар
10.01.2025

Әбуталипова Құндызша Мархабатқызы Алматы қаласындағы «Сымбат» дизайн академиясын «Модельер-конструктор» мамандығы бойынша тәмәмдады. Диплом алғаннан кейін біраз уақыт дүкенде сатушы болып жұмыс істеді. 2018 жылы «Абай атындағы Қазақ Ұлттық гуманитарлық университетіне» «роботехника» мамандығы бойынша оқуға түскенмен, оқуын аяқтамай, тұрмысқа шығуға шешім қабылдайды. Жұбайы жезқазғандық болғандықтан, жас отбасы көп ұзамай осы қалаға көшіп келді. Бұл қалада Құндызша мен оның жұбайы ойын құралдарын жалға беру түрінде бизнес бастауға шешім қабылдады. Тұрғындардың ойын клубтарына деген қызығушылығын ескере отырып, 2020 жылы ерлі-зайыптылар 10 компьютер сатып алып, кең орынды жалға алып, бизнесті кеңейтті. Бір жылдан кейін олар тағы он құрылғымен толықтырып, жалпы санын отызға жеткізді. Осының арқасында кәсіпкерлер жастарды және кәсіби ойыншыларды қоса алғанда, кең аудиторияны тартуды жалғастыруда.

Бірақ жалға алынған ғимаратта бизнес жүргізуде тәуекел көп, қожайын ғимаратты босату туралы аяқ асты талап қоюы мүмкін. Ал мұндай жағдайда жабдықтарды көшіру айтарлықтай қиындықтар туғызады. Осыған байланысты ерлі-зайыптылар Сәтбаев қаласында жеке коммерциялық ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдады.

Осы оймен кәсіпкер «Даму» қорының филиалына келіп, мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңес алып, қажетті құжаттарды жинап, банкке несиеге өтінім берді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың жобасы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» («моно және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі бизнесті қолдау» бағыты) аясында қолдау тауып, пайыздық мөлшерлемені жылына 19,5%-дан 10%-ға дейін азайтты.

Жеке ғимарат сатып алу ерлі-зайыптылар үшін экономикалық тұрғыдан тиімді ғана емес, сонымен қатар үнемі көшіп-қону қорқынышынан психологиялық жағынан да үлкен қолдау болды. Ерлі-зайыптылар компьютерлік клуб басқарумен қатар отбасылық дәмхана жұмысын да жүргізіп отыр. Болашақта өңірде үлкен мейрамхана ашу жоспарда бар.

Сатпаев қаласы, Наурыз көшесі, 148үй

Телефон номері: +7 7774579292

Instagram: @Champion.satpaev