Кеңес ал!
«Макай» ЖШС 2002 жылы құрылған. 2005 жылға дейін компания трейдерлік қызметпен айналысты. Ол кезеңдегі негізгі тауар күнбағыс тұқымы, соя бұршағы, өсімдік майлары болатын.
2005 жылдан 2018 жылға дейін компания ұзақ мерзімді келісімшарт жасасқан серіктес зауыттарда май өңдеу тәжірибесімен танысты. Нәтижесінде кәсіпорынды дамыту жоспарына өз өндірісін құру енді. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап «Макай» ЖШС толық майлы соя өндірісін бастады. Себебі дәл осы өнімге сұраныс артқанын байқаған еді. 2016 жылы компания «Макай Агро» ЖШС жеке кәсіпорын құру туралы шешім қабылдады. Оның негізгі қызметі күнбағыс тұқымы, өсімдік майы және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін сату болды. Компания Өзбекстан, Түркия және Қытайға да экспорттады.
2018 жылдан бастап Семей қаласында майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның орналасқан жері кездейсоқ таңдалмаған. Қазақстанның Шығыс өңірі күнбағыс тұқымдарының негізгі жеткізушісі екені белгілі. Зауыт жоғары сапалы, тиісті сертификаттарға ие және экологиялық таза, геномодификацияланбаған майлы дақылдардан өнім өндіріледі. Бұндай тауарға сұраныс зор.
2020 жылы пандемия мен көлік логистикасындағы қиындықтарға байланысты компания экспорттық соманы растай алмады және сақтандыруды ұзарта алмады. Алайда, мемлекеттік қолдаудың арқасында 2022 жылы дайын өнімді одан әрі шығару үшін қажетті шикізат — майлы дақылдар сатып алынды. «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алғанда «Даму» Қоры кепілдік беру арқылы қолдау көрсетті.
Болашақта компания өнім ассортиментін кеңейтуге, қолданыстағы нарықтардағы позицияларды нығайтуға және өсудің жаңа мүмкіндіктерін зерттеуге назар аударуға ниетті.
+7 701 734-10-72, +7 705 553-77-75, +7 727 325-40-15
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Терешкова, 6Б