menu
Жабу

Кеңес ал!

«Универсал» ЖШС полипропилен қаптарын өндіреді

Жаңалықтар
04.02.2025

Компанияның табыс факторларының бірі – жаңа технологияларды енгізу және өндірілетін өнім сапасын жақсарту.

1999 жылы негізі қаланған «Универсал» ЖШС қазір 500 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген және отандық тұтынушыларды өз өндірісінің түрлі заманауи тауарларымен қамтамасыз ететін қазақстандық кәсіпорындар арасында көшбасшы орынға ие өндірістік кәсіпорынға айналды. Компания киімнен басқа дайын тоқыма бұйымдар өндіру, полипропилен пакеттер мен үлкен сөмкелер (жұмсақ контейнерлер) шығарады.

Компания өңірлік деңгейдегі шағын фабрикадан Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының біріне дейін дамыды. Өндірістің бастапқы көлемі айына 400 мың қап болатын. Ал қазір жылына 60 миллион полипропилен қап және 1,2 миллион Биг-Бэг – қа дейін өсті. Биг-Бэг полипропилен қапшықтары жоғары сапалы бастапқы шикізат – полипропиленнен дайындалады.

Өндірістің дамуымен қатар компания ассортиментін де кеңейтті. Әртүрлі қапшықтар, оның ішінде коррозияға ұшырамайтын, күшейтілген, берік, немесе ірі тұтынушылар үшін теңшелген дизайнда шығара бастады. Сондай-ақ, азық-түлік сөмкелерін өндіру, химия, ауыл шаруашылығында пайдалану және логистика сияқты жаңа салаларға бет бұрды.

«Мемлекеттік қолдау несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың арқасында жобаны табысты іске асыруда маңызды рөл атқарады. Несие мөлшерлемесін «Дамау» Қоры ішінара өтейді. Бұл компанияға қаржылық тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар өнім сапасын жақсартуды жалғастыра отырып, өндірісті белсенді дамытуға мүмкіндік берді», - дейді компания басшысы Әділжан Күзиев.

Жобаны «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қолдады. Атап айтқанда компанияның «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 19,75%-бен алған несиесінің 8%-ын ғана компания компания төлейді, ал 11,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

 Сайт: www.universalgroup.kz

Instagram: universal_group_kz

Телефон: 8 727 341 01 27

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Ербол Сыпатаев көшесі, 281а ғимарат