menu
Жабу

Кеңес ал!

Ақ алтын: тұз өндірісіндегі табыс жолы

Жаңалықтар
06.02.2025

Ас тұзын өндіруші кәсіпорынның жетістігі әдетте инновация, өнім сапасы мен тиімді маркетингке негізделген. Табыстың осы қасиеттерінің барлығы «Алтын Орда» ЖШС компаниясына тән.

«Алтын Орда» ЖШС – ас тұзын өндіру саласындағы отандық нарық көшбасшыларының бірі. Компания 1997 жылы құрылды. Қазір онда шамамен 120 адам жұмыс істейді.

Бұрын компания логистикалық қызметтермен айналысқан. 2016 жылы компания ас тұзын өндіру желісін сатып алды. Бастапқыда компанияның өндірісі жергілікті нарықты қамтамасыз етті. Компанияның өсуінің бетбұрысты кезеңі тұздың сапасын жақсартатын технологияларды енгізу, ыңғайлы қаптаманы әзірлеу және «Ассоль», «Safia» брендін құру болды.

Компанияның өнімдері еліміздің көптеген аймақтарында танымал. Ассортиментті кеңейту, жаңа нарықтарға шығу және ірі дистрибьюторлармен серіктестік құру компания позициясын одан әрі нығайтты. Өндіру мен қайта өңдеудің тұрақты әдістерін пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы үрдістерге бейімделу «Алтын Орда» ЖШС компаниясына бәсекеге қабілеттілікті сақтауға мүмкіндік береді.

Ас тұзы Қызылорда қаласынан 180 шақырым жерде «Арыс-2» кен орнында өндіріледі. Тұз 1 кг, 5 кг, 10 кг және 30 кг қаптарда ұсынылады. Бүгінде «Ассоль», «Safia» өнім желісі елдің барлық аймақтарында сатылады. Сонымен қатар, өнімдер Ресейге, Беларуссияға, Грузияға, Қырғызстанға, Моңғолияға және Балтық елдеріне экспортталады. Логистика еліміздің және ТМД-ның барлық өңірлерінде жүзеге асырылады.

Өндірісті кеңейту үшін «Алтын Орда» ЖШС компаниясы «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие қаражатын алып, «Даму» Қорының субсидиялау құралы арқылы сыйақы мөлшерлемесін жылдық 8% - ға дейін төмендетті.

Адам үшін өмірлік маңызы бар тамақ өнімдерін өндіруші ретінде компания тұздың сапасы мен тазалылығына толығымен жауап береді. Тұз өндіруде барлық санитарлық және басқа да міндетті талаптар сақталады. Бүгінгі таңда «Алтын Орда» ЖШС компаниясы тұрақты сапаға, жоғары беделге және нарықта көшбасшы болып табылады. Осыған дәлел ретінде, 2021 жылы «Алтын Орда» ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының өнім және қызмет сапасы саласындағы жеңімпазы болып танылды.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбітшілік көшесі, 58

Тел: +7 7242 250 595, +7 775 398 8380

Ресми сайт: assolsalt.kz

Инстаграм: @assol_salt