menu
Жабу

Кеңес ал!

Жаңа дәуір мектебі

Жаңалықтар
07.02.2025

2024 жылы Шымкент қаласында «Auzhan KTL» жеке мектеп-лицейі ашылып, өз білім беру тәсілі мен заманауи жағдайының арқасында қысқа уақытта танымал болды. Мектеп мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқыту бағдарламасын ұсынып, сонымен қатар робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу, дизайн және ғылым салаларында арнайы бағдарламаларды енгізген. Бұл оқушыларға тек негізгі білім алу ғана емес, сонымен қатар болашақта сұранысқа ие дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Мектептің басты артықшылықтарының бірі – шет тілдерін тереңдетіп оқыту. Бұл оқушыларға халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға қатысу мүмкіндігін береді, сондай-ақ оларды әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуға дайындайды.

Мектепте тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істейді, олар әрбір оқушыға шабыт беретін және қолдау көрсететін орта қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар, мектеп жаңа кабинеттермен, зертханалармен және спорт залдарымен жабдықталған, бұл оқытуда заманауи білім беру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

2023 жылы мектеп «Ұлттық жоба» бағдарламасына қатысу арқылы «ForteBank» АҚ-нан мектеп құрылысы үшін 21,5% жылдық мөлшерлемемен беріліп, оның 13%-ы «Даму» Қорымен субсидияланды. Сондай-ақ, 2024 жылы мектеп құрылыс жұмыстарын аяқтап, қажетті жабдықтарды сатып алу үшін қосымша қаражатты «Даму» Қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Мектеп шығармашылық пен спорттық қабілеттерді дамытуға арналған көптеген үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Әрбір оқушы өзіне ұнайтын ісімен айналысып, өз потенциалын ашуға мүмкіндік алады.

Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Тассай шағын ауданы, 1680/13 уч.
Телефон: +7‒705‒808‒16‒16
Instagram: auzhan.ktl