menu
Жабу

Кеңес ал!

«Гараждан заманауи автосервиске дейін»

Жаңалықтар
10.02.2025

Қайрат Өтебов бала кезінен автокөліктерге қызығатын. Кейін университетті инженер-механик мамандығын бітіріп, бірнеше жыл механик кейін бас механик және инженер-механик болып жұмыс істеді. 2009 жылы Қайрат өз ісін ашуға бел буып, шағын гаражда көлік жөндеумен айналыса баст ады. Алғашқы күннен-ақ ол сапа мен адалдық — табыстың кілті екенін түсінді. Қымбат жарнама шараларына орнына «ұзынқұлаққа» сүйенді. Оның клиенттері қайта айналып келіп, дос-таныстары жақсы маман ретінде жарнамалап, ұсынатын. Бірнеше жылдан кейін клиенттер көбейіп, Қайрат гаражын кеңейтіп, көмекшілерді жұмысқа алды. Көрсетілетін қызметтер тізіміне диагностика, дөңгелек жөндеу және шанақты жылтырату қызметтерін қосты.

2023 жылы бизнес одан әрі кеңейіп, автосервис ашылды. Заманауи компьютерлік диагностика құралдарын енгізу мен мамандарды оқыту оған бәсекелестерден артықшылық берді. Қажетті жабдықтармен толық қамтылғандықтан жұмыстың барлық түрін бір жерде орындауға мүмкіндік бар. Қазір мұнда 8 механик жұмыс істейді. Болашақта ол жаңа мамандарды тарта отырып, жұмыссыздықпен күресуді жоспарлап отыр. Автосервис бірнеше компаниямен, соның ішінде АДМ және AppleCity-мен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

2023 жылы клиенттер тарапынан сұраныстың артуына байланысты және автосервисті кеңейту мақсатында Қайрат «Қазақстан Халық банкінен» жылдық 8% мөлшерлемемен несие алды. 2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидиялау құралы арқылы несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендетілді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 21 ш/а. 20/1

Тел: +7 701 139 89 99

Instagram: @turbo_motors_12