Кеңес ал!
Мария Верховых жоғары сыныпта оқып жүренде спортқа ерекше құштар болып, жаттығу залынан шықпайтын. Жылдар өте келе бодибилдинг және пауэрлифтингтен чемпион атанды. Кейіннен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетін қызыл дипломмен бітірді. Кейін жаттықтырушы ретінде жұмыс істеп, спорт саласында басқарушы қызметіне ауысты. Өзінің жеке фитнес залын ашу арманы зор болды, бірақ оған тек білім мен тәжірибе ғана емес, сондай-ақ қаржы табу да қажет еді.
Танымал клубтарда жаттықтырушы болып жұмыс істей отырып, Мария Верховых клиенттер мен нұсқаушылармен өзара әрекеттесу бойынша ерекше тәжірибе жинады, бизнестің қажеттіліктерін және ішкі процестерін түсінуді үйренді. Өз идеялары мен тәсілдері фитнес индустриясын өзгерте алатынын түсінген Мария алғашқы залын ашуға бел буды.
2023 жылдың соңында ол алғашқы VM GYM тренажер залын ашты, оның командасына фитнес баршаға қолжетімді болу идеясына сенген кәсіби жаттықтырушылар қосылды. Серіктестердің қолдауы және кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламаларды қолдану арқылы желі тез дами бастады, 2024 және 2025 жылдары жаңа залдар ашылды.
«Үміт» әйел кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасының арқасында компания үшінші спорт залына заманауи кәсіби жабдық әкеліп, жұмыс істеп тұрған екі залды толықтыруға мүмкіндік алды. Несие сыйақысының мөлшерлемесі жылына 16,5% құрады, оның 9% кәсіпкер өзі төлейді, ал 7,5% «Даму» қоры тарапынан субсидияланды. Бұдан бөлек, «Даму» қоры несие сомасының 84% мөлшерінде кепілдік беру арқылы кәсіпкерге қолдау көрсетті.
Қазіргі уақытта VM GYM барлық жастағы адамдарға, соның ішінде балалар топтарына және бос емес адамдарға ыңғайлы жаттығулар ұсынады. VM GYM негізгі қағидасы — фитнесті баршаға қолжетімді, түсінікті және пайдалы ету. Өз жұмысына шабыттанған Мария Верховых бұл оның табысты тарихының тек бастамасы екеніне сенімді.
Петропавл қ, Назарбаев к-сі, 218, 2 қабат
Петропавл қ, Егемен Қазақстан к-сі, 46
Петропавл қ, К. Сутюшев к-сі, 55
+ 7 771 485 35 39
Инстаграм: @vmgymkz