Кеңес ал!
10 жыл бұрын Өскеменде Монтессори балабақшасын құру идеясы орындалмастай көрінетін. Бірақ Жанар Мұхаметқалиеваның ынта-жігері, отбасы, ата-анасы, мұғалімдері мен пікірлестерінің қолдауының арқасында арман жүзеге асты.
Балалардың интеллектуалды және шығармашылық дамуының алғашқы орталығы – «Монтессория» 2015 жылдың тамызында есігін ашты. Бұл – балалар қоршаған әлемді еркін зерттей алатын, өздері үшін қызықты әрекеттерді таңдап, өз бетінше еркін дами алатын үлкен және жайлы кеңістік болды.
Жыл сайын «Монтессория» орталығы өсіп, дамыды, аясын кеңейтті, жаңа үй-жайлар, жабдықтар сатып алды, өз күштерімен ортақ құндылықтар мен принциптерді бөлісетін AMI халықаралық дипломдары бар білікті педагогтарды оқытып, даярлады.
Қазір «Монтессория» – заманауи білім беру орталығы. Орталық Монтессори білім беру жүйесінде жұмыс істейді және балаларға өз талантын ашып, өз бетінше ойлауға және шешім қабылдауға үйренуге, сондай-ақ әлеуметтік дағдылар мен ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамытуға көмектесетін әртүрлі бағдарламаларды ұсынады.
Биыл «Монтессория» балалардың зияткерлік және шығармашылық даму орталығы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «ForteBank»-тен орталық қызметін кеңейтуге несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 6%-ға дейін төмендетілді.
Жетекшісі: Мұхаметқалиева Жанар Заманбекқызы
Байланыс телефоны: 8 777 982 22 62
Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 10-үй.