Кеңес ал!
«JANA JOL» ЖШС – сертификатталған түрлі маркалы асфальт-бетон қоспаларын, бетон тастарын дайындайтын өндірістік кәсіпорын. Асфальт-бетон қоспалары жол құрылысындағы ең маңызды материалдардың бірі. Олар берік, ұзаққа шыдас береді және сыртқы ортаның әсеріне төзімді болып келеді. Асфальт-бетон қоспаларын өндірудің заманауи технологиясы арнайы рецепт әзiрлеп, компоненттер iрiктеп, оңтайлы технологиялық процессті қамтитын бiрнеше кезеңдi қамтиды. Бұл салада бизнес ашып, табыс табу үшін едәуір қаржылай салым, жабдықтар, шикізат және басқа да дүниелер қажет.
Жұмыс барысында өнім көлемі мен сапасын арттыру үшін компания басшылығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына жүгініп, бетон қоспасын өндіретін жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алуға қолдау сұрады. Несие алуға қажет құжаттар жайлы кеңес алып, «Банк ЦентрКредиттің» Жамбыл филиалынан қарыз алды. Жобаны «Даму» қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдап, субсидия мен кепілдік берді. Несие кәсіпкерге өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Асфальт-бетон қоспаларын мол инвестицияны қажет ететін бизнес және жобаның табысты жүзеге асуы сауатты жоспарлау мен қаржыны дұрыс игеруді талап етеді. Несие – өндірісті дамытуды жеделдетудегі маңызды құралалады. Несиенің өзін дұрыс таңдау және қарызды орынды жұмсаудың стратегиялық тәсілі бизнестің қуатын арттырып, өнімдер сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде құрылыс материалдары нарығында бәсекеге төтеп беретін ойыншыға айналады.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниетқалиев көшесі, 130 үй
Телефон: +776 555 19 83