menu
Жабу

Кеңес ал!

Тамыры терең кәсіпорынның жаңа тынысы

Жаңалықтар
13.02.2025

KazAgroVision компаниясының тарихы 1965 жылы құрылған Түлкібас жеміс-консерві зауытынан бастау алады. Кеңес Одағы кезінде бұл зауыт жылына 40 000 тонна өнім шығарып, елдегі жетекші кәсіпорындардың бірі болды.

Даулет Жұмабайұлы Оразалиев әкесінің осы зауытта жұмыс істегенін көріп, бала кезінен осы салаға қызығушылық танытты. Алғашқыда басқа салада еңбек еткен ол кейіннен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісіне бел буып, 2019 жылы KazAgroVision ЖШС құрып, Түлкібас ауылында орналасқан компанияны жаңғыртуды қолға алды.

Бүгінде KazAgroVision – заманауи өндіріс орны. 28 000 м² аумақта орналасқан зауыт озық технологиялармен жабдықталған және 25 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Компания «VIT VIT», «NAVI», «Народная марка» және «Chipolla» брендтерімен консервіленген көкөністер, джемдер, шырындар мен компоттар шығарады, өнімдерін Қазақстанның түкпір-түкпіріне жеткізеді.

Кәсіпорын «Даму-Лизинг» бағдарламасы бойынша «Халық-Лизинг» компаниясынан жаңа техника сатып алды. Кәсіпкердің бизнесі «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шарттарына сай келгендіктен, «Даму» қорының қолдауымен лизинг мөлшерлемесі 19,75%-дан 7%-ға төмендетілді. Бұл – шығындарды оңтайландыруға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Компания жетекшісі маңызды мақсаттар қойып отыр: өнім түрлерін арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту және халықаралық нарыққа шығу жоспары бар.

Адрес: Туркестан облысы, Тюлькубас ауданы, Тюлькубас ауылы, Кобей көшесі, 1Д үй

Телефон: +7 (775) 175 42 61