menu
Жабу

Кеңес ал!

Табысқа жетудің ұзақ, бірақ сенімді жолы

Жаңалықтар
04.02.2025

«Dubai» компаниясының негізін қалаған Қыдырбеков Алмас Шарифоллаұлы Сәтбаев қаласының тумасы. Массаж жасау ісіне жастайынан қызығатын ол Республикалық жоғары медициналық колледжге түсіп, массаж маманы ретінде білім алды. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Алмас Сәтбаев қаласында массаж жасаушы болып жұмыс істеді. Сол жылдары кәсіпкерлікпен де айналысып, түрлі салаларда бақ сынап көрді.

1702.jpeg

2013 жылы Алмас сұйық сабын және жуғыш заттар өндірісін қолға алды. Қазақстанда табиғи косметика нарығы дамымаған, ал өңірде шетелдік өңірдірушілердің өнімдері басым болды. Бірақ оның тауарлары тұтынушыларға ұнап, тез таралып, аймақ нарығын жаулай бастады. Іс бастағанда ол әрдайым отбасы мен анасының қолдауын сезінді. Олар тек моральдық жағынан қолдау көрсетіп қана қоймай, бизнесте де көмектесті.

4.jpeg

Кәсібі дөңгеленіп кеткенше Алмас көптеген қиындықтарға тап болды. Тек 2023 жылы ғана өндірісті толыққанды дамытуға кірісті. Осы саладағы басты мәселе – өнімге арналған пластик құты (ПЭТ-ыдыс) тапшылығы болатын. Өңірде мұндай ыдыс шығаратын өндіріс болмағандықтан, үнемі Алматыдан алдыруға тура келіп, бұл шығын мен уақытты арттырды. Қаптама өндірісін ашу жайлы ой осы кеде келді. Бірақ жоспарын жүзеге асыру үшін оған қаржы қажет еді.

Кәсіпкер осы мақсатта «Банк ЦентрКредиттен» несие алғанда «Даму» қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қарыз мөлшерлемесін 19,75%-дан 7%-ға дейін азайтып, субсидиялады.

Алынған қаражат ПЭТ-ыдыс өндіріне жабдықтар сатып алуға және сұйық сабын дайындау желісін кеңейтуге жұмсалды. Соның арқасында уақыт пен қаражылай шығындар азайып, табыс артты. Қазір Алмас Қыдырбеков басқаратын компания табысты жұмыс істеп, үш адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сатпаев қаласы, Құсайынов көшесі 5

Телефон номері: +7 777 5138706