Кеңес ал!
«Мен іс бастаған кезде кәсіпкерлік дегеннің не екенін білмедім. Жай ғана табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолын іздедім, өзімді оның сұлулығының бір бөлігі ретінде сезіндім, бірақ жайлылықтан lf бас тартпадым. Глампинг – сәнді кемпинг идеясынан шабыт алып, өмірімді өзгерткен қадам жасадым. Менің глампинг бизнесімдегі алғашқы қадамдарым көптеген жаңа іс бастағандар сияқты қарапайым болды. Алдымен орманнан шағын жер телімін жалға алдым, ыңғайлы төсектері бар шатырлар қойдым, бірнеше стильді бөлшектерді қостым. Міне, менің кішкентай демалыс орным дайын болды. Мен алғашқы қонақтарды асыға күттім және шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Душы мен жайлы төсегі ғана бар шатырда демалу үшін адам қанша төлеуі мүмкін? Оны білмедім. Бірақ менің үмітім зор болды және бағымды сынап көргім келді. Тапсырыс бірден түскен жоқ. Мен глампинг бизнесі тек жақсы идеяны ғана емес, сонымен қатар мұқият жұмысты қажет ететінін түсіндім. Күш-жігерімді маркетингке жұмсай бастадым: әр бөлшекті суретке түсірдім, бәсекелестердің фонында өзімнің бірегейлігімді қалай көрсету керектігін ойладым. Мен тұрақтылыққа, ыңғайлылыққа және табиғатқа жақындыққа баса назар аудардым, өйткені глампинг – бұл жай ғана демалу емес, серпілу, күнделікті уайымдарды ұмытып, сонымен бірге өзімді үйде сезіну мүмкіндігі.
Уақыт өте келе менің бизнесім өсті. Бір күні бірнеше күн демалуға келген адамдар қайтып оралып, достарын әкеле бастады. Олардың таңданысы мен ризашылығы менің ең жақсы марапатым болды. Менің арманым шындыққа айналып бара жатқанын сездім, мен жай ғана бизнес емес, бүкіл атмосфера, менің құндылықтарыммен бөлісетін адамдарды тартатын өмір философиясын құрып жатырмын. «Даму» Қорының қолдауымен менің армандарым орындалды, кәсіпкерлер үшін бірегей құрал, жақсы жағдайлар мен ақша табуға мүмкіндік береді. Қазір біз бастапқы кезеңдеміз, менде жүзеге асыруға дайын көптеген мақсат, идеялар бар».
Бұл – ақтөбелік кәсіпкер Ерік Убаевтың жан сыры.
Несие жүгін азайтуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаға қатысып, «Даму» Қоры арқылы субсидия алуы маңызды қадам болды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша «Банк Центр Кредит» несиесінің сыйақы мөлшерлемесінің 10.25%-ын мемлекет үш жыл бойы жабады. Бұл жобаның экономикалық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартады.
Ақтөбе қаласы, 41-разъезд, 155
Тел: +77053471597
Инстаграм: @orman.glamp