menu
Жабу

Кеңес ал!

Шағын балабақша балалардың сүйікті мекеніне қалай айналды

Жаңалықтар
21.02.2025

Шынар Бекенова еңбек жолын бала бағудан бастаған жан. 2000- жылдардың басынан бастап ол әртүрлі балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеп, осы саланың барлық қыр-сырын меңгерді. Ол әрдайым балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды кішкентайынан қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүріне баулитын жеке балабақша ашуды армандады. 2024 жылы оның арманы орындалды.

Шынар ашқан балабақша жай ғана мектепке дейінгі мекеме емес, әрбір бөлшегі – безендіруден бастап сабақтарға дейін – қазақтың ұлттық құндылықтарына негізделген нағыз мәдени кеңістік. Шынар алғашқы күннен-ақ балабақша атмосферасына ерекше көңіл бөлді. Оқу бағдарламасына қазақ ертегілері, ойындары, әндері мен билері енгізілді.

Қазір оның балабақшасы – өңірдегі ең беделді мекемелердің бірі, ал оның ұлттық тәрбие беру әдістемесі өзгелерге үлгі болып отыр. Мұнда 10 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, жақында балаларға арнап арнайы тұзды шахта жабдықталды.

Шынар Бекенованың жетістік құпиялары:

1. Өз ісіне деген сүйіспеншілік – балалар ересектердің шынайылығын сезінеді.

2. Ерекшелік – жаңа оқыту әдістерін қолдану және жеке көзқарас.

3. Кері байланыс – ата-аналармен тұрақты диалог және қызметті жақсарту.

4. Кәсіби команда – балаларды жақсы көретін тәжірибелі тәрбиешілер.

Балабақша ғимаратын сатып алу керек болғанда «Банк ЦентрКредиттен» жылына 20,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында түпкілікті мөлшерлеме 9%-ды құрайды, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Шығыс 2, 31-үй.

Телефон: +7 776 002 13 28

Instagram: @altynasyk.aktau