Кеңес ал!
Sigma Corporation ЖШС – күшті қысымға шыдайтын, қадағалауға арналған, байланыс, теміз жол саласында қолданылатын жоғары сапалы муфталар шығаратын жетекші өндіруші. Компанияның өнімдері сапа мен қауiпсiздiктiң ең жоғарғы стандарттарына сәйкес келеді. Сол себепті кабель технологиялары саласында сенiмдi серіктес ретінде танылған.
Кәсіпорын о баста кабель өнеркәсібі үшін жоғары сапалы шешімдер ұсыну мақсатында құрылды. Бірінші күннен бастап-ақ инновациялар енгізіп заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, технологиялық процестерді ұдайы дамытып, жетілдіріп келеді. Бүгінде «Sigma Corporation» ЖШС кабельдік өнімдер нарығында көшбасшы. Кәсіпорынның серіктестері «Nexans» электр кабельдерін шығаратын француз компаниясы, «РФ кабелі» интернет-жобасы, «ЗМ» өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін американдық химия корпорациясы.
Компания кәбілдердің көптеген түрлеріне арналған жалғастырғыштар шығарады, олардың ішінде: күштік кәбілдерге арналған жалғастырғыштар, ПВХ оқшаулағышы бар бақылау кәбілдеріне арналған жалғастырғыштар, иілгіш кәбілдерге арналған жалғастырғыштар, байланыс кәбілдеріне арналған жалғастырғыштар (телекоммуникациялық, жергілікті және қалалық байланысқа арналған), теміржол (жерасты) жалғастырғыштары, кәбіл жалғастырғыштардың компоненттері (компания өндірісінің 3М өнімдері), жинақтар жөндеу, аспаптар, қосалқы құрылғылар мен құрал-саймандар.
«Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2024 жылы электр монтаждау құрылғыларын өндіру бойынша ағымдағы қызметті кеңейту үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан қаражат алды.
Sigma Corporation өнімдерінің артықшылықтары:
Сенімділік пен ұзақ мерзімділік: Компания өнімдері жоғары тозуға төзімділігімен және ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді, бұл муфталарды ауыр пайдалану жүктемелері жағдайында қолдану үшін тамаша етеді.
Қазіргі заманғы материалдар: Sigma Corporation сыртқы факторлардан өте жақсы оқшаулау мен қорғауды қамтамасыз ететін ПВХ сияқты сапалы материалдарды ғана пайдаланады.
Жеке шешімдер: Компания әрбір клиенттің ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, жеке шешімдер әзірлеу мүмкіндігін ұсынады.
Стандарттарды сақтау: Sigma Corporation ЖШС өнімдері халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйке
с келеді, бұл сертификаттармен және лицензиялармен расталады.
«Sigma Corporation» ЖШС - түрлі кәбілдерге арналған жоғары сапалы муфталарды сенімді өндіруші ретінде өзін танытқан компания. Озық технологиялар мен заманауи материалдарды пайдалана отырып, компания өз клиенттерін кабель жүйелері үшін сенімді және қауіпсіз шешімдермен қамтамасыз етеді. Компания өнімдері әлем бойынша инфрақұрылымдар мен коммуникациялық жүйелердің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, әртүрлі салаларда пайдаланылады.
Қарағанды облысы, Саран қаласы, Макаренко көшесі, 1а үй
Телефон +7 701 066 44 00
Эл.почта info@ssigma.kz