menu
Жабу

Кеңес ал!

Сенім артуға болатын сапа – ЖК «Bayash»

Жаңалықтар
21.02.2025

Кәрімова Әлия Сәрсенғалиқызы 2016 жылы «Bayash» ЖК тіркеп, тапсырысқа кондитерлік өнімдер пісіре бастады. Соңғы 8 жыл бойы осы бағытта жұмыс істеді.

Уақыт өте келе кәсіпкер бизнес бағытын түбегейлі өзгертіп, жаңа саланы меңгеруді, атап айтқанда жуғыш заттар өндірісін ашуды шешті. Бұл ой тек бизнесті кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларға сапалы және экологиялық таза өнімдерді ұсынуға деген ұмтылыстан туындады. Нарықты зерттеп, қауіпсіз жуу құралдарына деген сұраныс жоғары екенін көрген соң бұл қабылданған шешімнің дұрыстығын түсінді.

Идеяны жүзеге үшін қаржылай қолдау қажет еді. Кәсіпкер «Банк Центр Кредиттен» 20,25%-бен несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» моно қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді қолдау бағыты аясында «Даму» Қоры ол несие мөлшерлемесін 7%-ға пайызға дейін төмендетті.

Қазір «Bayash» компаниясы Ақмола облысының Қосшы қаласында инновациялық технологиялар мен экологиялық таза ингредиенттерден сапалы жуғыш құралдар шығарады. Кәсіпорында өнім сапасына ерекше назар аударылады. Өндіріс ашылуының арқасында қосымша жұмыс орындары ашылды.

Қосшы қаласы, Алматы к-сі, 13 үй

Тел. +77761144888

Инстаграм: @kosshy_sabyn