menu
Жабу

Кеңес ал!

«Batys EcoPack» ЖШС табыс тарихы

Жаңалықтар
25.02.2025

«Batys EcoPack» ЖШС – полиэтилен қалта шығаратын қазақстандық өндірушілердің бірі. Компания 2018 жылдан бері агроөнеркәсіп кешен кәсіпорындарына, сауда желілеріне, азық-түлік өндірушілеріне және қоғамдық тамақтандыру орындарына арнап «Mama Jan», «ECOpack» және «SHIVAKI» брендімен қаптама материалдардың көптеген түрін ұсынып келеді.

2023 жылы өндіріс көлемін ұлғайту қажеттігі мен және сапалы қапқа сұраныс өсіп келе жатқандықтан, компания өндіріс қуатын жаңарту туралы шешім қабылдады.

Жоба «Лизинг Групп» АҚ қаржылай қолдауымен «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Лизинг бойынша сыйақының бастапқы мөлшерлемесі жылына 20,5%-ды құрады. Алайда субсидия есебінен кәсіпорын үшін түпкілікті мөлшерлеме 8%-ға дейін төмендетілді.

Жоба барысында «Batys EcoPack» ЖШС буып-түю пакеттеріне арналған автоматтарды, роторлы баспа машиналарын, пластмассаны қайта өңдеуге арналған грануляторды, миксерді, сондай-ақ үрлеу және буып-түю машиналарын қоса алғанда, заманауи жабдықтарды сатып алып, заманауи технологиялы жаңа өндірістік желі іске қосылды. 2024 жылы жаңа желіні енгізу өндірістік процестерді оңтайландыруға, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға және өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді, бұл компанияның қаржылық көрсеткіштеріне оң әсер етті.

Жобаны іске асыру кәсіпорынның өсуіне ғана емес, аймақтың дамуына да айтарлықтай әсер етті. Өндірістің кеңеюі жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке салық түсімдерін арттыруға және отандық орау индустриясының позицияларын нығайтуға ықпал етті. Компанияның 2023-2024 жылдардағы тәжірибесі мемлекеттік қолдаудың бизнеске қаржылық қиындықтарды жеңуге және инновациялық технологияларды енгізуге қалай көмектесетінінің жарқын мысалы болды.

Мекенжайы: Ақтөбе қ., 41 разъезд, 53а үй

Байланыс деректері: +7 702 978 36 38

Инстаграм: @batys__ecopack