Кеңес ал!
Мектепке дейінгі білім беру – дені сау және дамып келе жатқан баланы тұлға ретінде қалыптастырудың негізі. Дәл осы кезеңде адам негізгі дағдылар мен құндылықтарды бойына сіңіреді. Бақытгүл Құсайынованың «Айым-Дарын балабақшасы» 2023 жылы құрылған сәттен бастап мектепке дейінгі білім беру арқылы балаларға табысты болашақ үшін берік негіз беруге ұмтылады.
Компания өз қызметін жалға берілетін ғимаратта бастаған. Ол кезде 25 баладан тұратын екі топ болды. Алғашқы айлардан бастап мұғалімдер, басшылық және ата-аналар ұжымы тәрбие мен білім берудің жоғары стандарттарына ден қойды.
Балалар санының өсуі, балабақшаны кеңейту және жақсарту қажеттігін ескере отырып, компания жекеменшік ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдады.
Осы мақсатта компания несие алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгінді. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» қоры банк берген қарыздың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады және жетіспейтін кепілзат орнына кепілдік берді.
Жаңа ғимаратты сатып алу тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар білім беру ортасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазір «Айым-Дарын балабақшасы» ЖШС балаларды оқыту үшін неғұрлым қолайлы және заманауи жағдай жасау үшін ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қосымша топтар ашу жоспарлануда, бұл орын санын кеңейтуге және мектепке дейінгі білім беруді одан да көп отбасылар үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Инстаграм: @aiym_daryn_balabakshasy
Телефон: 8 72834 2 61 30
Адрес: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Ескелді би аулы, Алтынсарин көш. 4