Кеңес ал!
Қазақтың зергерлік өнері қола дәуірінде пайда болған. Ғасырлар бойы дала халқының әшекейлерінің бірегей стиль, технологиялар қалыптасты.
Зергерлік бұйымдар – жай ғана зат емес. Бұл өте нәзік өнер және қазақ халқының тұтас ұлттық мәдениеті, тарихының маңызды бөлігі.
Алматы қаласындағы осындай компаниялардың бірін Ринат Оразтайұлы Темірбаев ашқан. «ETNO JEWELS» ЖК 2015 жыл тіркелген. Күміс пен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар, сондай-ақ кәдесыйлар өндіру саласында қызмет ұсынады. Олар шығаратын бұйымдар ұлттық ою-өрнекпен жасалады. Өндірістің барлық циклі эскиз, 3D модель, кесу, прототипі, құю бұйымдарынан тұрады. Бүкіл өндірістік цикл 3-4 күнді құрайды, ал қолмен модельдеу кезінде шамамен бес күнге созылады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы компания «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қаржы алды. Бағдарлама шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 16%-дан 10%-ды құрайды. Қаражат инвестициялық мақсаттарға бағытталған.«ETNO JEWELS» ЖК мемлекеттік қолдау негізінде өңір экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.
Сайт: @etno_jewels
Мекен жайы: Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 162/7
Байланыс телефондары : +77714100031