Кеңес ал!
Қазақстанда инженерлік идеядан ұлттық жобаға айналған жаңбырлатқыш машиналар өндірісі қалай пайда болды?
2015 жылы ИП «SPACETIME» компаниясы өз қызметін бастаған кезде, оның негізгі бағыты елордадағы әкімшілік ғимараттардың инженерлік коммуникацияларын техникалық қызметпен қамтамасыз ету болды. Атап айтқанда — электрмен жабдықтау, жылыту, сумен қамту және желдету жүйелерінің үзіліссіз жұмысын қолдау. Инженер мамандардан құралған команда осы салада мол тәжірибе жинақтап, кейін бұл практикалық негіз әлдеқайда ауқымды жобаның іргетасына айналу — Қазақстанда жаңбырлатқыш машиналар өндірісін жолға қою идеясы осылай дүниеге келді.
Логистикалық тізбектерді бұзған және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірген 2020 жылғы пандемия шешуші сәт болды. Дәл осы кезеңде компания басшылығы нарықтағы бос орынды емес, стратегиялық маңызы бар қажеттілікті байқады, яғни жаңбырлатқыш машиналар өндірісін жергілікті деңгейде жолға қойып, шетелдік техникаға тәуелділікті азайту. Осылайша Қазақстандағы жаңбырлатқыш машиналарды шығаратын алғашқы отандық компания — SU BEREKE сауда белгісі дүниеге келді.
Жоба 2021 жылы елеулі инвестициямен басталды. Яғни алғашқы прототипті әзірлеу, жобалау және өндіріске енгізу жұмыстарына шамамен 200 миллион теңге көлемінде қаражат салынды. Алайда SU BEREKE бастапқы кезеңнен-ақ өзіне тек техника шығару емес, одан да ауқымды қойылған міндет — еліміздегі әрбір фермер үшін суармалы егіншілікті қолжетімді ету.
SU BEREKE-ні бірегей ететін не? Біріншіден — импортты алмастыру. Компания Қазақстанның климаттық және агротехникалық ерекшеліктеріне бейімделген жаңбырлатқыш жабдықтарды шығара отырып, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің сыртқы тәуелділігін азайтады. Екіншіден — қолжетімділік. SU BEREKE фермерлер үшін баға мен сапа арасындағы оңтайлы шешімдерді ұсынады.Үшіншіден — инновация. Өндіріс үнемді суару технологиялары бойынша ғылыми жобалармен тығыз ынтымақтастықта дамып келеді. Ақырында — әлеуметтік жауапкершілік. Кәсіпорын жұмыс орындарын ашып қана қоймай, Қазақстандағы машина жасау саласында жаңа бағыт қалыптастырып жатыр.
Соңғы 3–5 жылда бизнес тұрақты өсімді көрсету нәтижесінде, компанияның айналымы 10 есе артты, ал қызметкерлер саны 10 адамнан 50 адамға дейін көбейді — бұл тек бастамасы. Маңызды кезеңдердің бірі — Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск қаласында екінші өндірістік цехтың ашылуы болды. Бұл қадам өндірістік қуаттылықты ұлғайтып қана қоймай, суармалы технологияларға аса мұқтаж ауыл шаруашылығы аймақтарына жақындай түсуге мүмкіндік берді.
Әрине, жол оңай болған жоқ. Негізгі қиындықтар қаржыландыруға қол жеткізу, жеткілікті кепілдердің болмауы, сондай-ақ фермерлердің отандық техникаға күмәнмен қарауы болды. Осындай эпизодтардың бірі маңызды сабақ болды: компания басында беделді фермерге сеніп, жабдықты толық төлемге дейін орнатты. Алайда алты айда бес машинаның біреуі ғана төленді-қалғанын бөлшектеуге тура келді. Бұл жағдай маңызды шешімге әкеліп, содан бері SU BEREKE тек ашық шарттық қатынастар мен қаржылық тәртіп аясында жұмыс істейді. Бұл бизнестің тұрақты моделін құруға мүмкіндік беріп, сенім құжаттармен, ал серіктестік өзара жауапкершілікпен нығайтылады.
Стратегиялық маңызды бағытты — отандық жаңбырлатқыш машиналар өндірісін дамыта отырып – «SPACETIME» ЖК компаниясы (SU BEREKE сауда маркасы) өз өнімдерін масштабтау, технологиялық жаңарту және қолжетімділігін арттыру үшін фермерлерге команданың күш-жігері мен инженерлердің құзыреттілігі ғана емес, сонымен қатар елеулі қаржылық қолдау қажет екенін түсінді. Коммерциялық банктердің қарыз қаражаты және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құралдары, атап айтқанда «Даму»кәсіпкерлікті дамыту Қоры» - ның АҚ бағдарламалары өсу жолында осындай сенімді тірек болды.
2022 және 2023 жылдары компания 2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында қолдау тетіктерін сәтті пайдаланды. «ForteBank» АҚ-пен серіктестік және «Даму» қорының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беру құралдарына қатысу SU BEREKE-ге өндірісті ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету мен техникалық сүйемелдеу процестерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұл шаралар операциялық тиімділікті арттырып, өнімді отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бұрынғыдан да қолжетімді етті. Келесі кезең — «Шағын және орта бизнесті қолдау» бағыты бойынша Бірлескен бұйрық аясындағы сыйақыны субсидиялау бағдарламасына қатысу болды. 2024 жылы «ForteBank» АҚ және «Даму» қорының қолдауымен SU BEREKE жаңбырлатқыш машиналар өндірісін одан әрі кеңейтті. Бұл шешім компанияның дамуына жаңа серпін берді: өндіріс ырғағын тапты, логистика тұрақты бола түсті, ал сұранысты уақтылы қанағаттандыру мүмкіндігі артты.2025 жылы компания даму бағытын жалғастырды. Бұл жолы SU BEREKE «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен жұмыс істеп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «1 Кепілдік қоры» бағдарламасы аясында кепілдікке қол жеткізді. Бұл қадам өндірістік базаны техникалық нығайту мен жаңғырту үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етті.
Бүгінде SU BEREKE тек ішкі нарықпен шектелмей, шетелге шығуға дайындалып жатыр. Жақын жылдары компания Өзбекстан мен Қырғызстан нарығына шығуды, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіруді тереңдетуді жоспарлап отыр — болат құбырлар өндірісін бастау, ыстық мырыштау технологиясын енгізу және су ресурстарына жақын өңірлерде өндірістік базалық элементтерді орналастыру көзделуде. Мұның барлығы бір мақсатқа — Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтып, елдің келешектегі қауіп-қатерлерге тұрақты болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Компанияның философиясы «Work for People» ұранымен айқындалады. SU BEREKE ұжымы: техника тек адам еңбегін жеңілдетіп, нақты пайда әкелгенде ғана құнды деп есептейді. Мұнда жылдам жетістік үшін жарыс емес, елге, салалық дамуға және фермерлерге ұзақмерзімді құндылық жасау басты мақсат. «Бастауға қорықпаңыз — байқап көрмеуден қорқыңыз», — деп кеңес береді SU BEREKE.
Байланыс кеңсесінің мекенжайы:
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан көшесі, 1 / 1а
Сайт: www.subereke.kz
Instagram: @subereke.kz