menu
Жабу

Кеңес ал!

«Богатырский продукт» – ұрпақтар сенім артқан сапа

16.09.2025

«Богатырский продукт» компаниясы өз жолын 1999 жылдың наурыз айында бастады. Алғашқы қадамды төрт адамнан тұратын шағын топ және шектеулі қаражатпен жасады. Дегенмен, нарықтағы бос орынды толтыруға деген ынта мен сапалы өнім шығаруға деген талпыныс кәсіпорынның берік іргетасына айналды. Бастапқы күннен компания адал әрі табиғи өндіріс қағидатын таңдады. Кейін бұл ұстаным «Жалғансыз дәм» деген ұранда көрініс тапты. Бұл сөздер жай ғана слоган емес, бизнес философиясына айналды. 26 жыл ішінде дәстүр қалыптасты, бедел нығайды, сапа мәдениеті орнықты – бүгінде «Богатырский продуктты» нарықта даралайтын да осы.

Жылдар бойы компания үлкен жолдан өтті. Шағын өндіріс бүгінде Солтүстік Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың біріне айналды. Алғашқы кезде 4 қызметкермен басталған кәсіпорында бүгінде шамамен 270 адам еңбек етеді. Даму кезеңіндегі маңызды қадамдардың бірі – заманауи диірмен кешенін салу болды. Бұл өндірістік қуатты едәуір арттырып, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Кәсіпорын өнімдері Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысынан әлдеқашан асып, бүкіл Қазақстанға және шетелге таралды. Өндірісте ISO халықаралық сапа стандарттары енгізілген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелер қолданылады. Мұның бәрі компанияны сенімді серіктеске айналдырып, мыңдаған тұтынушының сеніміне ие болуға мүмкіндік берді.

«Богатырский продукт» ұсақ-түйекке мән беретіндігімен танымал. Компанияның басты өнімдерінің бірі – итальяндық жабдықта жасалатын тұшпара. Оған арналған ет жергілікті шаруалардан сатып алынады. Осылайша, өнім дәмі әрдайым жоғары деңгейде сақталады, ал ерекше істеу технологиясы еттің шырынын ішінде ұстап қалады. Ерекше сұранысқа ие өнімдер қатарында торттар, печенье, вафля түтікшелері және басқа да кондитерлік тағамдар. Макарон және лапша түрлері итальян пастасына ұқсас технологиямен дайындалады: ұзақ кептіру және бу арқылы өңдеу сапаны сақтап, тұтынушы үшін дайындау уақытын жеңілдетеді. Тіпті компания шығаратын ағаш көмір де сұранысқа ие – оны кафелер де, табиғат аясында демалуды ұнататындар да таңдайды. Кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты жылына 2500 тоннадан асады.

Компанияның дамуы үздіксіз жетілдірусіз мүмкін емес, ал бұл жолда бизнесті мемлекеттік қолдау үлкен рөл атқарады. Кәсіпорын айналым капиталын нығайтып, өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік «Өндіріс» бағдарламасы аясында қаржыландыруды тұрақты түрде тартады.

2024 жылы «Богатырский продукт» «ForteBank» АҚ арқылы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша несие алды. Ол қаражат заманауи Lurea TECС300 жуу машинасын сатып алуға инвестицияланды. Бастапқы пайыздық мөлшерлеме 19,25% болып белгіленді, бұл өндіріс үшін елеулі қаржылық ауыртпалық еді. Алайда «Даму» қорының субсидиясының арқасында пайыздық мөлшерлеме 8%-ға дейін төмендетілді. Мұндай жеңілдік несиені барынша тиімді етіп, компанияға тұрақтылық берді және босатылған қаражатты жаңадан жабдық сатып алуға, жаңғақ, пряник, вафля түтікшелерін шығаратын желілер орнатуға, қоймалар салуға, өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға бағыттауға мүмкіндік берді.

Компания өз жетістігін тек дұрыс басқарушылық шешімдер мен заманауи стандарттарды енгізумен ғана емес, сонымен бірге адамдарға – тұтынушыларға да, қызметкерлеріне де деген қамқорлықпен байланыстырады. Құрушылардың сенімі мынада: кез келген бизнес жауапкершілік пен сенімге негізделеді. Бұл сенім компанияның ұранында көрініс тапқан: «Барлығы жақсы болады».

Жұмыс істеген жылдары «Богатырский продукт» аймақтық және республикалық конкурстардың бірнеше мәрте лауреаты атанды, осылайша саланың көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін дәлелдеді. Дегенмен, компания үшін марапаттар – дұрыс бағытты растайтын көрсеткіш қана, басты жетістік – тұтынушылардың сенімі.

Бүгінде «Богатырский продукт» келешекке үлкен жоспарлармен қарайды: кондитерлік цехты кеңейту, жаңа өнім түрлерін шығару және ішкі нарықпен қатар сыртқы нарықтағы позициясын күшейту. Ал компания негізін қалаушылардың жігер берер ойы қарапайым: сүрінгенің – қолды түсіретін себеп емес.

Адрес: Петропавл қ, Ауэзова к-сі, 264
Тел: + 7 (7152) 54 01 58; + 7 (7152) 36 65 47
Сайт: bogatirskie.kz
Инстаграм: bogatyrskiy_produkt