Кеңес ал!
Жеке кәсіпкер Салматаев Нурмаханбет Кызайбаевич, Кәсіпкер ретінде 2015 жылдан бері тіркелген. 10 жылдан астам өрт сөндіруші болып жұмыс істеген Салматаев Нұрмаханбет өз бизнесін машиналарды қайта сатудан бастауды шешті. Қаржы тапқаннан кейін Кәсіпкерге Тараз қаласында «DAMDI MART» супермаркетін ашу идеясы келді. Табандылықтың, стратегиялық көзқарастың және дамуға ұмтылыстың арқасында Кәсіпкер жергілікті халықтың қажеттіліктеріне бағдарланған тұрақты бизнес құра алды.
2025 жылы Салматаев Нұрмаханбет «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, егжей-тегжейлі кеңес алып, «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие алуға өтініш жасады. «Банк ЦентрКредит» АҚ өтінімді қарап, несиені мақұлдады, жоба «Даму» қорының кепілдігімен және пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен «Ішкі сауда субъектілерін қолдау» шеңберінде қолдау тапты. Несие сауда жабдықтарын жаңғыртуға, сауда алаңын кеңейтуге және логистикалық процестерді жақсартуға бағытталды.
Алынған қолдау жедел өсудің негізгі факторына айналды, тауар айналымы ұлғайды, жаңа жұмыс орындары құрылды, жергілікті өндірушілердің тауарларын қоса алғанда, өнім ассортименті кеңейтілді.
Бағдарлама бизнестің нарықтағы позициясын күшейтіп қана қоймай, өңір экономикасының дамуына үлес қосуға мүмкіндік берді. «DAMDI MART» супермаркеті Тараз қаласының жаңа 16 шағын ауданында орналасқан.
Бүгінде ЖК Салматаев Н.К. - кәсіпкерлердің қолжетімді мемлекеттік құралдарды пайдалана отырып, өз бизнесін едәуір нығайтып, елдің ішкі саудасын дамытуға нақты үлес қоса алатындығының табысты мысалы.
Компанияның мекен-жайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асқаров көшесі 300/3
Тел.+7 777 318 96 97
Instagram: damdimart