menu
Жабу

Кеңес ал!

«SP Jet» ЖШС: инновациялық тығыздағыш технологиялар және «Даму» Қорынан сенімді қолдау

26.09.2025

«SP Jet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2014 жылдан бері SKF Economos австриялық технологиясы бойынша гидроабразивтік жону әдісімен резеңке және полиуретан тығыздағыш элементтерін өндірумен табысты айналысып келеді. Осы жылдар ішінде кәсіпорын жоғары сапалы өнім шығаратын сенімді өндіруші және әртүрлі салаға арналған жабдықтардың тұрақты жеткізушісі ретінде өзін таныта білді.

Компанияның өнімі кеңінен қолданылады:
тау-кен және пайдалы қазбаларды өндіру өнеркәсібінде (бұрғылау қондырғылары, гидравликалық машиналар);
мұнай-газ секторында (насостар мен құбыр қосылыстарына арналған тығыздағыштар);
машина жасау мен құрылыс салаларында (экскаваторлар, ұсатқыштар, гидроцилиндрлер);
энергетика және гидротехникалық нысандарда (турбиналарға арналған тығыздағыштар);
химиялық, фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібінде;
коммуналдық шаруашылық пен автомобиль өнеркәсібінде.

2018 жылдан бастап «SP Jet» ЖШС барлық типтегі гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді жөндеу және өндіру бағытын белсенді дамытып келеді. Бұл үшін кәсіпорында арнайы сынақ және құрастыру стенді қолданылып, гидроцилиндрлердің сапасы мен дәлдігіне жоғары бақылау жүргізіледі. Компания өндірісі заманауи, жоғары дәлдіктегі сандық бағдарламалық басқару (ЧПУ) жүйесімен жабдықталған: CTX 510 Ecoline, DMH500M және SEAL JET NG060 станоктары үшөлшемді кеңістікте жұмыс істейді. Бұл құрал-жабдықтар стандартты да, тапсырыс берушінің сызбасы бойынша бейстандартты тығыздағыштарды да шығаруға мүмкіндік береді. Барлық өнімдер СТ-KZ шыққан ел сертификатына ие. Австриялық мамандардан арнайы оқудан өткен жоғары білікті қызметкерлер техникалық кеңес беріп, тапсырыстарды қысқа мерзімде сапалы орындауға дайын.

Өндірістік қуаттылықты арттыру және кәсіпорынды одан әрі дамыту мақсатында «SP Jet» ЖШС басшылығы айналым қаражатын толықтыру үшін «Forte Bank» АҚ арқылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на қаржылық қолдау алу жөнінде жүгінді. Бұл қолдау кәсіпорынға қажетті бөлшектерді уақытылы жеткізіп отыруға, қойма қорын сақтауға, тұтынушылардың тапсырыстарын жедел орындауға және Қазақстан ішкі нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Даму» қоры отандық өндірістік кәсіпорындарды қолдауды жалғастыра отырып, елдегі бизнестің тұрақты дамуына және өнеркәсіпке инновациялық технологияларды енгізуге жағдай жасауда.

ЖШС «SP Jet»
Басшысы: Строкатов Александр Павлович
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 331А үй
Байланыс телефоны: +7 777 991 11 63