menu
Жабу

Кеңес ал!

Samovar – премиум сапа мен тыныштық үйлескен орын

20.10.2025

Бір кездері «Samovar» қала тұрғындарының сүйікті мейрамханасы болды. Онда кездесулер, дәмді кешкі ас және жайлы кештер өтетін. Пандемия оның тарихына нүкте қойды. Бірақ бұл жаңа бизнеске бастар жол боды. Кәсіпкер Константин Полтавец ғимаратты бос қалдырмай оған екінші өмір сыйлады. Осылайша мұнда «Премиум сапа» форматында құрылған заманауи «Samovar» қонақ үйі пайда болды.

Жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкінен» 21,75%-бен несие алды. Оны Қор субсидиялап 8%-ға дейін төмендетті. Кепілзат жеткіліксіз болғанда «Даму» Қоры кепілдік берді.

«Samovar» қонақ үйі Петропавл қаласының орталығында, көрікті жерлер мен іскерлік орталықтарға жақын жерде орналасқан. 68 қонақ сыяды және 14-тен 30 м²-ге дейінгі стандарт, люкс 34 бөлме бар.

Қонақ үйдің басты ерекшелігі – жайлы атмосферасы және әр қонаққа жеке назар аударылатындығында. Мұнда «швед үстелі» жүйесі бойынша таңғы ас, трансфер, бос уақыт өткізетін шаралар және қала бойынша маршрут жасаудан бастап мәдени іс-шаралар бойынша ұсыныстарға дейін қызмет көрсетіледі.

Қонақ үйдің ашылуы Петропавл үшін маңызды оқиға болды: жаңа жұмыс орындары пайда болды, қонақ үй сервисінің деңгейі өсті, өңірдің туристік тартымдылығы күшейе түсті, ал қонақ үйдің өзі Солтүстік Қазақстан облысының іскерлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналды.

«Мен жай ғана коммерциялық нысан емес, адамдар мен қалаға пайдалы орын жасағым келді. «Samovar» - бұл Петропавлдың жаңа визит карточкасы, біздің қаламыздың туристерге де, іскер қонақтарға да премиум деңгейдегі сервис ұсына алатынының белгісі», - дейді Константин Полтавец.

Қазір қонақ үй дағдарыстан кейін де дамудың жаңа мүмкіндіктерін табуға және қоғамға пайда әкелетін бизнес ашуға болатынынын дәлелдеп шықты. 

Петропавл қаласы, Н.Назарбаев к-сі, 81

Телефон: +7 (705) 443 50 16

Сайт: hotelsamovar.kz

Instagram: @hotelsamovar.kz