Кеңес ал!

12.11.2025

Тембай Ілдария Нұрхамитқызы басқаратын «Шерхан» жеке кәсіпкерлігі өз қызметін 2020 жылы бастады. Жолдасы Шерхан екеуі жүк тасымалы мен арнайы техника қызметтерін іске қосып, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарына қызмет көрсете бастады.

Алғашқы қадамдар оңай болмады: ерлі-зайыптылар аз сомадан және жалға алынған техникадан бастады, машиналарға қызмет көрсетуге кететін шығынның көптігіне және білікті мамандардың жетіспеушілігіне тап болды. Жабдықтармен дұрыс жұмыс істей алатын және міндеттерді сапалы орындай алатын кәсіби жүргізушілерді табу нағыз сынақ болды. Алайда табандылықтың, еңбексүйгіштіктің және өз ісіне деген сенімнің арқасында отбасылық бизнес сенімді түрде өсіп, нығайды.

Бүгінде компанияның қарамағында 4 арнайы техника, сондай-ақ 6 жүргізуші, слесарь және дәнекерлеушіден құралған штат бар. Өз жұмысының арқасында «Шерхан» ЖК газ құбырларын, су құбырларын, жылу трассаларын және басқа да маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүргізу бойынша қызметтерді орындай отырып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосуда.

Бұдан басқа, ерлі-зайыптылар өңір үшін бірегей бағытты - экскаваторлар, манипуляторлар, тиегіштер мен самосвалдарды қоса алғанда, арнайы техниканы жөндеуді дамытуда. Бұрын облыста мұндай қызметтер іс жүзінде болмаған, бұл олардың жұмысын ерекше сұранысқа ие етеді.

Бизнесін кеңейту барысында кәсіпкерлерге қосымша қаржы қажет болды, алайда банк алдындағы кепілзат жеткіліксіз еді. Сол себепті олар «Даму» қорының кепілдендіру көмегіне жүгініп, «Кепілдік қоры – 1» бағдарламасы бойынша екі несиеге — әрқайсысына 50% мөлшерінде кепілдік алды. Бұл олардың бизнесін алға жылжытуға мүмкіндік берді.

Жас ерлі-зайыптылар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге:

«Жеңіл жол іздемеңіздер. Еңбекқор әрі жауапты болыңыздар. Ең бастысы — өз-өздеріңізге және бастаған ісіңізге сеніңіздер. Қиындықтарға қарамай алға ұмтылыңыздар: еңбек әрқашан жемісін береді». 

Байланыс телефоны: + 7 776 993 0296

Мекенжайы: Сәтбаев қ., Абай Құнанбаев к-сі, 15/3 үй