Кеңес ал!
Байкасинова Гаухар кәсіпкерлікті 2018 жылы бастаған. Бизнеске ұлы Батыр мен келіні Мария да белсенді араласты. Олар әртүрлі салалар, оның ішінде мейрамхана бизнесінде тәжірибе жинаған. Бұл Ұлытау облысының тұрғындары үшін заманауи және ыңғайлы демалыс пен сауықтыру орнын ашу жолындағы маңызды кезең болды және соңында олардың негізгі қызмет бағытына айналды.
2023 жылы кәсіпкер отбасы Жезқазғанда заманауи монша кешенін ашты. Жоба «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ қолдауымен жүзеге асты. Кешенді іске қосу үшін үлкен қаржы қажет болды және білікті мамандар таңдау қиындық туғызды. Дегенмен, барлық қиындықтарға қарамастан жоба сәтті болды. Қазір монша кешені тұрақты табыс әкеледі, қызметкерлер штаты кеңейді, ал қала тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, бұл өңірдегі жұмыспен қамтылу деңгейіне оң әсер етті.
Жезқазғандағы кешеннің табысы отбасын әрі қарай дамуға шабыттандырды. Келесі қадам — Сатпаев қаласында екінші монша кешенін ашу. Жобаны іске асыру үшін тағы да несиелік қаржыландыру қажет болды және кәсіпкерлер «1-кепілдік қоры» бағдарламасы бойынша 42% көлемінде «Даму» қорының кепілдігін алды, бұл бизнесті кеңейтудің негізгі факторына айналды.
Қазіргі таңда Сатпаев тұрғындары үшін жаңа, заманауи, жайлы демалыс және сауықтыру орнының құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Кәсіпкерлер өз жолын енді бастағандармен тәжірибе бөліседі:
«Жаңа бастамалардан қорықпаңыз. Тіпті сіз өзіңізді бизнесте ешқашан көрмеген болсаңыз да, бұл сіздің қолыңыздан келмейді дегенді білдірмейді. Мүмкін емес ештеңе жоқ! Өз күшіңізге, табысыңызға сеніңіз және ешқашан артқа қайтпаңыз».
Байланыс номері: +7 777 300 0532 (Гаухар), +7 702 666 6015 (Батыр)
Мекен-жайы:Жезқазған қ., Ескі әуежай ауданы, 91 ғимарат, Сатпаев қ., Ердене к-сі, 1 ғимарат
Instagram: @banya_tomi_zhez, @banya_tomi_sat