Кеңес ал!
Тараз қаласында шағын және орта бизнесті қолдау аясында тағы жоба табысты жүзеге асты. Ол — 2020 жылы тіркелген, бөтелкедегі минерал су мен лимонад өндіріп, сусындардың көтерме және бөлшек сататын «BDA trade» ЖШС.
Бірнеше жыл ішінде кәсіпорын Жамбыл облысы нарығында өз орнын тауып, тұтынушыларды сапалы алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етіп келеді. Компания иесі Илимдар Тұранов өндірісті кеңейтіп, бизнестің позициясын нығайту мақсатында айналым қаражатын толықтырып, дамудың жаңа деңгейіне шығуға шешім қабылдады.
Оңтайлы шешім іздеу үшін кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына жүгінді. Қор мамандары мемлекеттік бизнес-қолдау бағдарламалары аясында кредиттік ресурстар алудың мүмкіндіктері туралы толық консультация берді. Қажетті түсіндірмелерді алып, құжаттар пакетін дайындағаннан кейін Илимдар Тұранов Қазақстан Халық банкі» АҚ Жамбыл филиалына өтінім тапсырды.
Жобаны жан-жақты қарастырғаннан кейін банк оны «Өрлеу» бағдарламасы аясында мақұлдап, компанияға тиімді шарттармен қаржыландыру алу мүмкіндігін берді. Алынған кредит «BDA trade» ЖШС-не айналым қаражатын көбейтуге, логистикалық процестерді тұрақтандыруға, өндіріс көлемін арттыруға және өңірдің сусындар нарығындағы позициясын нығайтуға көмектесті.
Бүгінде «BDA trade» ЖШС қарқынды дамып, жаңа жұмыс орындарын ашып, Жамбыл облысының экономикасына үлес қосуда. Бұл – мемлекеттік қолдау мен кәсіпкердің дұрыс қадамының арқасында бизнесті тұрақты кеңейтіп, жаңа белестерге жетуге болатынының жарқын мысалы.
Мекенжайы: Жамбыл обл., Тараз қ., Ниеткалиев к-сі, 93
Телефон: +7 701 232-94-76