Кеңес ал!

10.12.2025

Қостанай облысының Рудный қаласында тез пісетін кеспе өндірілетінін білдіңіз бе? Ия, ия, біз бәріміз жақсы көретін дәм.

«Аманат Сауда Үйі» ЖШС – 2012 жылдан бері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде өсірілген мұқият өңделген астықтан Grito брендімен тез пісетін кеспе, картоп пюресі, лагман, фунчоза, сорпалар, сондай-ақ лагман кеспесі, жұмыртқа кеспесі, етттің қамыры сияқты өнімдер шығарып келеді. Цех заманауи жабдықталған. Барлық өндіріс процестері қатаң бақылауда болғандықтан, жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік мол. Соның дәлелі – бұл қазақстандық және халықаралық көрмелерде бірнеше рет атап өтілді. Өндірістік процестер мен сапаны бақылауды компанияның жоғары білікті қызметкерлері жүзеге асырады. Компанияның барлық шығарылатын өнімдері «Халал» нормалары мен стандарттарына сәйкес өндіріледі. Заманауи технологиялар мен жоғары өндірістік қуаттылық айына 1 000 000 бірлік өнім шығаруға мүмкіндік береді.

100% табиғи шикізат, өйткені қамыр өндірісінде қант пен жасанды хош иістендіргіштер қолданылмайды, өнімдер тек ұнның алғашқы және жоғары сорттарынан өндіріледі. Бұл өнімді Рудный және Қостанай қалаларының барлық супермаркеттерінен, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен ТМД елдерінен сатып алуға және сынап көруге болады. Өнімдер Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Түрікменстан, Әзірбайжан және Ресей сияқты елдерге экспортталады.

2021 жылдан бастап компания мемлекеттік бағдарламалардың бірнеше рет қатысушысы болып табылады. Солардың бірі аясында компания макарон өнімдерін шығаратын цехқа арналған үй-жайлар мен жабдықтарды сатып алды, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға бірнеше рет қаржыландырылды. 2025 жылдың қыркүйегінде кәсіпорын «Даму» Қорының «Өрлеу»  бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктерін қайта пайдаланды. Қаражат айналым қаражатын толықтыруға - тез дайындалатын кеспе/картопты дайындау және орау үшін шикізат сатып алуға жылдық 12,6% жеңілдікті мөлшерлемемен алынды.      

Кәсіпорында енгізілген сапа стандарттары, жоғары білікті мамандардың үйлесімді жұмысы, заманауи материалдық база, тұрақты қаржылық жағдай, үздік шикізат өндірушілермен сенімді серіктестік, жұмыстағы икемділік пен жеделдік компанияға сенімді серіктес болуға және қарқынды дамуды жалғастыруға мүмкіндік береді. 

Мекенжайы: Рудный қаласы, Октябрьдің 40 жылдығы көшесі, Промзон ауданы

Тел: +7 (71431) 2 62 51; +7 (71431) 2 62 55

Инстаграм: @grito_ramen_amanat

Сайт: grito.kz