Кеңес ал!

02.12.2025

«АБВГДейка» балалар орталығы 2009 жылы Петропавлда шағын ғана, бірнеше топтан тұратын мини-орталық болып ашылған. Оның негізін қалаушы Ольга Жаркова бұл бизнеске жеке қажеттіліктен келді. Туған қаласында баланы ерте жастан интеллектуал, эмоционал және шығармашылық тұрғыда толыққанды дамытып, күндіз уақытын өткізетін орын жоқ екенін түсініп, өзгерісті сырттан күтпей, осындай ортаны өз бетімен құруды шешті. Балаларға қамқорлық, назар аудару және талантын ашуға мүмкіндік беру – «АБВГДейка» сәттілігінің негізі.

Екі қабатты ғимаратты жалға алып, балаларға қауіпсіз, дамытып, әр күннен қуаныш алатын кеңістік сыйлауды көздеген рухтас педагогтар командасы бірікті.

Ата-аналардың ынтасы, кәсіби шеберлігі мен сенімі арқасында орталық тез танымал болды. Даму тарихындағы маңызды кезең— «Даму» қорының қолдауының арқасында 2015 жылы ғимаратты жекеменшікке сатып алу болды. Бұл жалдаудағы тәуелділіктен арылтып қана қоймай, топтарды көбейтіп, жағдайды жақсартуға және білім беру процесін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді. «Біз көп нәрсеге қабілеттіміз. Мемлекеттің қолдауы бізге сенімділік пен алға жылжу мүмкіндігін берді»,-дейді орталық директоры Ольга Жаркова осы сәтті еске алып.

Сол кезден бастап «АБВГДейка» қарқынды дами бастады. Орталық кеңейіп, әдістемелерін жетілдіріп, команданы нығайтып, қаланың білім беру саласындағы орнын арттырды. 16 жыл ішінде ол дамыған құрылымы, білікті педагогтар құрамы және балаларды тәрбиелеудің заманауи тәсілі бар мектепке дейінгі білім беру жүйесіне айналды. Бүгінде мұнда тәрбиешілер, логопедтер, әдіскерлер, ерте даму педагогтары жұмыс істейді, олар баланың сенімді, сүйікті және еркін дамуына жағдай жасайды.

2025 жылы «АБВГДейка»-да жобаны кеңейтудің жаңа кезеңі басталды. Компания үшінші филиалын ашуға шешім қабылдады — 140 балаға арналған заманауи білім беру кешені. Жаңа нысанда балабақша топтарымен қатар мектепке дайындық сыныптары да бар, бұл ортаны толыққанды білім беру кеңістігіне айналдырады, онда кішкентайлар үйлесімді өсіп, оқып, мектепке дайындала алады.

Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін қосымша қаржы қажет болды. Орталық мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 12,6% жеңілдетілген несие алуға жүгінді. Алайда рәсімдеу кезінде кепілдік жетіспеді. Сол кезде «Даму» қорының кепілдік механизмі — «1-rепілдік қоры» көмектесті. Соның арқасында қажетті несиесін алды Ольга Жаркованың айтуынша, қордың қатысуысыз жобаны жүзеге асыру мүмкін емес еді.

Жаңа филиалдың ашылуы мектепке дейінгі балаларға қосымша орындар ғана емес, орталық командасын да кеңейтеді. Қазір «АБВГДейкада» 44 қызметкер жұмыс істейді, ал жаңа ғимарат ашылғанда команда кем дегенде 10 жаңа маманға толығады. Мұнда педагогтарды жай ғана жалдамайды — оларды өсіреді, қолдайды және дамытады. Орталық кәсібилікті бағалап, психологиялық климатқа көңіл бөліп, бастаманы қолдап, жұмыс істеуге және өсуге ынталандыратын атмосфераны қалыптастырады. Өйткені «АБВГДейкада» сенеді: бақытты педагог — бақытты бала.

Бүгінде «АБВГДейка» тек балабақша емес. Бұл балаларға деген махаббатқа, тәрбиелеуге деген жауапкершілікке және мемлекетпен серіктестікті негізге алған өміршең, дамып келе жатқан жүйе. Бұл шағын идеяның ауқымды, тұрақты және әлеуметтік маңызды жобаға айналу тарихы.

Петропавл қ, Қазақстан конституциясы к-сі, 53

Петропавл қ, Мұқтар Әуэзов к-сі, 172

+7 (7152) 33‒21‒70

Instagram: @abvgdeyka.sk