Кеңес ал!

08.01.2026

Түркістан облысында балмұздақ пен мұздатылған өнімдер өндірісінде өзіндік орны бар «Балмұздақ» компаниясы – Қазақстандағы ірі отандық өндірушілердің бірі. Ең алғаш 1987 жылы ашылып, кооператив негізінде шағын форматта жұмыс істеген кәсіпорын 1998 жылы кәсіпкер Адахан Турдиевтің бастамасымен жеке меншік өндіріс орны ретінде қалыптасты. Бастапқыда небәрі екі өнім түрін шығарумен шектелген кәсіпкер уақыт өте келе ауқымын кеңейтіп, қазір заманауи технологиямен жабдықталған қуатты базаға айналды.

Компанияның даму философиясының негізі – сапаға қатаң талап пен үздіксіз жаңарып отыру. Сүт пен негізгі ингредиенттер жергілікті өндірушілерден жиналаты, әр партия қатаң бақылаудан өтеді. Өнім сапасы өндірістің барлық кезеңінде тексеріліп, кәсіпорын ISO 9001 жүйесіне сәйкес сертификатталған және техникалық регламенттер мен HALAL талаптарына толық сай жұмыс істейді. Бүгінде «Балмұздақ» ассортиментінде 150-ден астам өнім бар. Атап айтқанда: пломбир, сүтті және кремді балмұздақтар, эскимо, вафельді балмұздақтар, жемісті мұзды түрлері, жартылай фабрикаттар, тұшпара мен қамыр өнімдері, сондай-ақ «Түркістан» және «Perfetto» брендімен шығатын кәмпиттер мен шоколад өнімдері бар. Тұтынушылар арасында ерекше сұранысқа ие брендтердің бірі – «Ностальгия» балмұздағы.

«Даму» қорының қолдауымен компания «Халық Банкі Қазақстан» арқылы бірнеше рет қаржылай қолдауға ие болып, өндірістік жабдықтарды жаңартып, балмұздақ өндірісін кеңейтті. Бұл –кәсіпорынның техникалық әлеуетін күшейтіп, даму қарқынын жаңа деңгейге шығарды. Бүгінде «Балмұздақ» – тек өндіріс орны ғана емес, сенім мен сапаның символы, дәстүр мен инновацияны ұштастыра отырып, дәмді әрі сапалы өнім ұсынуды басты мақсат етеді.

Мекенжай: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бірінші мамыр ауылы, С.Ерубаев көшесі, 7 үй

Телефон:: 8 (72547) 41367

Инстаграм: @lengerskoe.kz