Кеңес ал!
Әлиева Жанар — ағылшын тілі пәнінің кәсіби мұғалімі, English Study оқу орталығының негізін қалаушы. Университетті тәмамдағаннан кейін Жанар жеке тілдік орталықта оқытушы болып еңбек етіп, кәсіби тәжірибе жинақтап, мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырды.
Еңбек жолымен қатар Жанар ана ретінде де үлкен жауапкершілікті қатар алып жүрді. Үшінші декреттік демалыстан кейін ол өз ісін ашып, өзгенің емес, өз ісіне жұмыс істеуді қалайтынын анық түсінді. Осылайша English Study оқу орталығын ашу идеясы дүниеге келді.
Көпжылдық педагогикалық тәжірибе, жоғары кәсібилік және өз ісіне деген шынайы махаббаттың арқасында Жанарға оқуға ниет білдірушілер саны күн санап артты. Сонымен қатар оқу орталығының тиімді орналасуы да маңызды рөл атқарды — бұл аумақта ұқсас тілдік орталықтар болмады, нәтижесінде English Study өз орнын тез тапты.
Алғашқы кезеңде Жанар барлық жұмысты өзі атқарды. Күндіз-түні балалар мен ересектерге сабақ беріп, оқу бағдарламаларын әзірлеп, ұйымдастырушылық мәселелермен де өзі айналысты. Алайда даму мен кеңеюге деген ұмтылыс қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жалдамалы ғимараттан жеке меншік ғимаратқа көшу қажеттігін туындатты.
2022 жылы Жанар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на қаржылай қолдау алу үшін жүгінді. «Даму» қорының қатысуы нәтижесінде несие жүктемесі едәуір төмендеп қана қоймай, кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік беру механизмі ұсынылды, бұл оқу орталығы үшін жеке меншік ғимарат сатып алуға мүмкіндік берді.
2025 жылы Жанар орталықты жөндеу жұмыстарын жүргізу және заманауи жабдықтар сатып алу мақсатында қайтадан мемлекеттік қолдауға жүгінді. Бұл оқу үдерісінің сапасын арттырып, білім алушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда English Study — табысты дамып келе жатқан оқу орталығы. Мұнда 6 қызметкер жұмыс істейді. Ағылшын тілімен қатар, орталықта орыс тілі де оқытылады. Оқу орталығы алдағы уақытта да өсіп, балалар мен ересектерге сапалы білім беруді жалғастырып келеді.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Астана м.а. 12
тел: 8 (778) 001-70-80
инстаграм: @englishstudy_kzo