Кеңес ал!

26.01.2026

«BasBeton» ЖШС — Павлодар қаласындағы бетон және темір-бетон бұйымдарын өндіретін зауыт. Кәсіпорын 2013 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді және бетон мен темірбетон бұйымдарын өндіру саласында озық технологияларды қолданатын, заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан өндіріс.

Компания тек сенімді әрі тексерілген шикізат жеткізушілерімен ынтымақта. Бұл өнім сапасының тұрақтылығына кепілдік береді. Шығатын барлық өнім қолданыстағы нормативтерге, МЖСТ-тарға, сериялар мен техникалық шарттарға толық сәйкес келеді, белгіленген мерзімдерде дәл уақытында дайындалып, жеткізіледі. Өнім ассортименті толықтай сертификатталған.

«BasBeton» ЖШС-нің өндірістік қуаттары келесі өнім түрлерін кең көлемде шығаруға мүмкіндік береді:

-барлық маркалы тауарлық бетондар (ауыр және ұсақ түйіршікті);

-барлық маркалы жеңіл бетондар (полистиролбетон);

-байланыс құдықтардың элементтері;

-борттық тас;

-су құбыры және кәріз құдықтарға арналған қабырғалық сақиналар мен плиталар;

-СВ тіректері (жарықтандыру тіректері);

-парапет плиталары;

-барлық маркалы қабырғалық тастар (құм блогы);

-тротуар плиткасы (тас төсеу);

-іргетас блоктары.

2025 жылы компания «Нурбанк» АҚ арқылы «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қолдауға ие болды. Қарыз алушы үшін соңғы мөлшерлеме 12,6% құрады, бұл қажетті өндірістік жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік берді. Аталған қадам өндірістік қуаттарды сенімді әрі тұрақты түрде кеңейтудің маңызды кезеңіне айналды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың жаңа құралы — 1-Гарантиялық қор туралы білген соң, кәсіпорын қолдау алуға жүгінді. «Даму» қоры несие бойынша кепілгер ретінде шығып, жетіспейтін кепілдік қамтамасыз етудің 38,88%-ын жапты. Бұл қаржыландыру алуға және жоспарланған жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда «BasBeton» ЖШС қысқа мерзімде жедел жеткізілетін, тиімді бағамен ұсынылатын сенімді әрі сапалы өнім өндіруді жалғастыруда. Компания сенімді серіктестікке бағытталып, құрылыс жобаларын сапалы әрі сұранысқа ие өніммен қамтамасыз етуді басты мақсат етеді. 

Телефон: 8-707-599-30-83

Павлодар обл., Павлодар қ., Солтүстік Өнеркәсіптік аймақ, 1780/1 қ-с.

Инстаграмм: @basbeton2019