Кеңес ал!
«Алдияр» ЖК басшысы Құрманов Алдияр Қазбекұлы 2023 жылы жиһаз өндірісі саласында бизнес бастады. Кәсіпкерліктегі алғашқы қадам қарапайым болды: арнайы станок жоқ, тек қол құралдар. Соған қарамастан ол мектеп пен мемлекеттік мекемелерге жиһаз дайындай бастады. Бастапқы инвестиция көлемі шамамен 500 мың-1 миллион теңге аралығында болды.
Іске қосылған сәттен бастап бизнес оң өзгерістерге бет бұрды. Қазір кәсіпкердің ай сайынғы табысы мен клиенттер саны тұрақты өсіп келе жатыр. Олардың көпшілігі «ұзынқұлақтан» естіп келгендер. Егер бастапқы кезеңде Алдияр жалғыз өзі жұмыс істесе, қазір оның командасында алты адам еңбек етеді.
Дамудың маңызды кезеңі — жеке өндіріс цехының ашылуы болды. Ыңғайлы әрі қолайлы орналасқан ғимарат қуатты арттыруға және жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бизнесті қалыптастыру жолындағы негізгі қиындықтардың бірі – қаржы жеткіліксіздігі болды. Алайда бизнесті кезең-кезеңімен кеңейту және ресурстарды тиімді пайдалану бұл кедергіні еңсеруге жол ашты.
Несие аларда «Даму» Қорының 1-кепілдік қор аясында 25 млн теңге кепілдік беруі компанияның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және цехты заманауи жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік берді.
Өсімге мұнымен қатар маркетплейстерге шығу да түрткі болды. Бұл – сауда аясын кеңейтіп, брендтің танымалдылығын арттырды. Қазір «Алдияр» ЖК басты жетістіктерінің бірі — жиһаз өндірісінің тұрақты жолға қойылуы ғана емес, сонымен қатар басқа жиһаз өндірушілерге көмек көрсету және сүйемелдеу қызметін ұсынатын жаңа бағыттың іске қосылуы. Бұл кәсіпкердің кәсіби тұрғыда өскенін және қысқа уақыт ішінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айқын көрсетеді.
Байланыс телефоны: +7 747 149 62 96
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Сеченев көшесі, 4/4б
Инстаграмм: @geehaz_mebel.semey