Кеңес ал!

28.01.2026

«КасХим» ЖШС бірнеше жылдан бері Атырау облысындағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан өндірістік кәсіпорындардың көшін бастап келеді. Компания өңірдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға және өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосуда.

Кәсіпорын сусымалы материалдарды сақтау мен тасымалдауға арналған полипропилен мен полиэтиленнен жасалатын жоғары сапалы жұмсақ қаптама өндіреді. «КасХим» ЖШС өнімдері өңірлік және өңіраралық нарықтарда жоғары сұранысқа ие болып, агроөнеркәсіп кешенінде, мұнай-химия саласында, құрылыс индустриясында және логистикада кеңінен қолданылады.

Өндірістік желіде берік, сенімді және заманауи техникалық стандарттарға толық сәйкес полипропилен қаптар, биг-бэгтер және вагон төсемдері шығады. Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу компанияға пайдалану сипаттамалары жақсартылған, әртүрлі жүк түрлерін қауіпсіз тасымалдау мен ұзақ мерзімді сақтауға бейімделген қаптама өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің жоғары сапасы мен жеткізілімдердің тұрақтылығы «КасХим» ЖШС-не Қазақстанның ірі өнеркәсіптік және сауда компаниялары үшін сенімді серіктес ретіндегі беделін қалыптастырды.

Өнім түрлерін кеңейту және өндірістің технологиялық деңгейін арттыру стратегиясы аясында кәсіпорында жаңа өнім шығаруға арналған коэкструзиялық қондырғыларды сынақтан өткізу іске асырылды. Олардың қатарында полимер түйіршіктері мен сусымалы материалдарды қаптауға арналған FFC полиэтиленді жеңқаптама пленкасы, сондай-ақ азық-түлік, химия, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында қолданылатын бірқабатты және көпқабатты жеңқаптама пленкалары бар. Аталған өнімдердің баламалары қазіргі таңда Қазақстан аумағында өндірілмейтінін атап өткен жөн, бұл жобаның инновациялық сипатын айқын көрсетеді.

«Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 5 мың тоннаға дейін жетеді, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрақты экспорттық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде кәсіпорында 150-ден астам жұмыс орны ашылған. Біз кадрлардың кәсіби даярлығына және біртұтас, ұйымшыл ұжым қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз»,-дейді компания басшысы Этибар Мамадов.

Тұрақты өсімді қамтамасыз ету және өндірісті одан әрі кеңейту мақсатында «КасХим» ЖШС қаржылық ресурстарды белсенді түрде тартуда. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен ынтымақтастық аясында компания «Өрлеу» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді. Тартылған қаражат маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістік желілерді жаңғыртуға, жаңа технологияларды енгізуге және шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге бағытталды. 

Атырау қаласы, Зейнолла Кабдолов даңғылы, 8

+7 7122 763103, +7 702 8111 1070

сайт: kaskhim.kz