Кеңес ал!
Шымкент қаласында орналасқан «InPlast» кәсіпорны полимерлік өнімдер өндіруге маманданған және өңірдегі заманауи пластикалық ыдыстар шығаратын жетекші өндірушілердің бірі болып табылады. Зауыт италиялық технология негізінде көлемі 150 литрден 20 000 литрге дейінгі 30-дан астам түрлі тігіссіз пластикалық сыйымдылықтар шығарады.
Заманауи жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік желілер кәсіпорынға жылына 15 000 данаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ірі тапсырыс берушілермен қатар, жеке тұтынушылардың да сұранысын тұрақты түрде қанағаттандыруға жағдай жасайды.
Кәсіпорын басшысы Гульзана Сарымсақованың айтуынша, «InPlast» өнімдері кең ауқымды тұтынушыларға арналған — өндірістік кәсіпорындардан бастап, жеке үй иелеріне дейін. Пластикалық ыдыстар орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жоқ қалалар мен ауылдық жерлерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, олар жылыжай шаруашылықтарында тамшылатып суару жүйелеріне су жинау және түрлі ерітінділер дайындау үшін де пайдаланылады.
Компанияның тағы бір даму бағыты — сәндік өнімдер шығару. «InPlast» интерьер мен экстерьерді безендіруге арналған ерекше шешімдер ұсынады: жарық беретін кашпо, вазалар және декоративті шарлар. Бұл бұйымдар берік полиэтиленнен жасалып, түбіне энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдар орнатылған. Мұндай өнімдер тек сәндік элемент қана емес, сонымен қатар ғимараттардың қасбеттерін, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және серуендеу аймақтарын жарықтандыру үшін тиімді шешім болып табылады.
2024 жылы кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды. «Даму» қорының қолдауымен Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында компания айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландыруға қол жеткізді. Жобаны «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырды. Бұл кәсіпорынның дамуына серпін беріп, алдағы жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік ашты.
Алдағы уақытта «InPlast» компаниясы өнім түрлерін кеңейтіп, нарық сұранысына сай жаңа шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр.
Өнімдер туралы толығырақ ақпаратты келесі байланыс нөмірлері арқылы алуға болады:
Телефондар: +7 (7252) 278827, +7 778 000 75 76
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Қапал батыр көшесі, 116/2, «Ордабасы» индустриялық аймағы (№45 цех)